240
көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын
қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға
мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар
жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға
қатысты, ондағы бар негізі ойларды қамтып, конспект құрады. Семинар сабағы
оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып,
талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады,
олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық
ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Сынақ сабағы.
Сынақ сабақтарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі
мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту, оқыту
процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктері, жауапкершілігі, дербестігін
орнықтыру. Сынақ сабақтары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу
жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ сабағы ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын
оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары
мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке
дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және
қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және
топтық практикалық-зертханалық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма
және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: