241
Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып,
атақты ғалым, жазушылардың, басқа да қайраткерлердің өмірі және
қызметімен, ғылым және техниканың жаңа жетістіктерімен танысып,
ғалымдардың мерейтойларына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер
өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жұмыстарын
жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады.
Үйірме жұмысының
негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар
үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар,
байқаулар және олимпиадалар өткізеді. Кеңестер оқушыларға жеке
тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі. Кеңес кезінде оқушылар
сұрақтар береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған
мамандардың берген түсініктерін тыңдайды. Ол сыныпқа, топқа, оқушыға
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: