246
-
әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
-
қоңыраудың соғылуы;
-
бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспауы және сабақты күзде бастау.
Я.А.Коменский: «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі» – деп
түсінген. Ол оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге
тәрбиелеу, экскурсияны кең қолдануға баса назар аударған.
Бұл оқытудың түрінде де
кемшіліктер
кездеседі: үлгерімі нашар
оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі, яғни сыныптық-
сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір
жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі
тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте таланты оқушылар үшін ыңғайланған
оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде,
мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын
қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл
межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі. Сондықтан ғалымдар сынып-сабақ
жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Достарыңызбен бөлісу: