253
Сурет-103. Оқыту формаларын жіктеудің өлшемдері
Балаларды жекелеп-топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір
оқушыға емес, түрлі жастағы балаларға тапсырма береді. Олардың дайындық
деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс
жүргізеді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына
жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар береді. Оқушылар оқуға жылдың
кез келген уақытында келеді. Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың
аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XVIII-
ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері
А.Белль
және мұғалім
Джон
Ланкастер
өзара оқыту жүйесін
қолданды. Алдымен жоғары сынып
оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар
алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін
арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын
АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті
мұғалімдер, профессорлар оқытудың техникалық құралдары арқылы 100-150
адамға дәріс оқып болған соң, 10-15 адамнан тұратын азғантай топтар дәріс
материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. Аз
топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді.
Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске –
40%, аз топтардағы сабақтарға – 20%, жеке жұмыстарға – 40% оқу уақыты
жұмсалады. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп
жоспарымен
эксперименталдық
мектептер
жұмыс
істейді.
Көпшілік
мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: