Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сыныптық-сабақ жүйесінің артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет227/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Сыныптық-сабақ жүйесінің артықшылықтары:
сынып-сабақ жүйесінің 
басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері 
бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, 
оқушылардың 
бір-бірін 
оқытуына 
мүмкіндік 
жасалады. 
Оқушылар 
тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады.
Сыныптық-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және 
тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей 
бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады (100-сурет). 
Сурет-100. Сынып-сабақ жүйесінің ерекшеліктері 
 
Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір-бірімен 
ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, 
тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. 
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері: 
Артықшылықтары: 
1. Қатаң ұйымдастыру құрылымы бар 
2. Бір мезгілде мұғалім үлкен оқушылар тобымен 
жұмыс жасау алады 
3. Өзара оқыту 
4. Ұжымдық іс-әрекет
5. Тәрбие мен оқытуға қажет жағдайдың болуы 
Кемшілігі: 
Оқушылармен 
жеке оқу-
тәрбие 
жұмысын 
жүргізу мүмкін 
емес 
Сабақ-оқытудың негізгі формасы 


247 
-
Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. 
-
Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. 
-
Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын 
сабақ түрінде жүреді. 
-
Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша 
жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. 
-
Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. 
-
Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. 
-
Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың 
білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі 
сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды. 
-
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрлілігі; 
-
Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет