Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сабақты ұйымдастыру кезеңдері



Pdf көрінісі
бет230/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Сабақты ұйымдастыру кезеңдері:

Сабақты ұйымдастыру бөлімі: сабақтың тақырыбын белгілеп, оның 
мақсат, міндеттерін тұжырымдау.

Сабақта үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.

Жаңа білімді пысықтау, бекіту: ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, 
тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).

Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.

Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 
Сабақтарды жіктеу.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтарды 
құрылысы 
жөнінен 
топастыру, 
түрге 
бөлу. 
Дидактикада 
сабақ 
классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір 
пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де 
байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу 
материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай 
белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, 
М.А.Данилов пен Б.П.Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына 
қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әртүрлі 
болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді (101-сурет). 
И.Н.Казанцев бойынша
сабақтың жіктелуі
:

Алғашқы сабақ
– әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. 
Кіріспе сабақ– бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін 
бірінші сабақ.

 Жаңа білімді меңгеру сабағы
– жаңа оқу материалы өтетін сабақ. 

Пысықтау сабағы
– өткен оқу материалын пысықтау сабағы.

 Жаттығу сабағы
– оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру 
сабағы. 

 Тәжірибелі сабақ
– оқушылардың алған білімін өмірде қолдану 
жолдарын көрсететін сабақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет