258
өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп қорғайды. Зерттеу сабақтары
туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп,
мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес
береді.
Зерттеу сабақтарында бірнеше баяндама оқылады, ғылыми жоба
талқыланады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар
баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар
еңгізеді.
Зерттеу
сабағының
соңында
мұғалім
қорытындылап,
баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен
тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен
шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады.
Зерттеу сабақтарында оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: