281
Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын
түсіне білу.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы
түсінігі.
Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы.
Әділдікті дамыту.
Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Бірін-бірі
бағалаудың
артықшылығы
–
оқушылар
басқалардың
жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар
өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы:
-
Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.
-
Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына
баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді.
Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың
жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге
мүмкіндік алады.
Кері байланыс тиімді болуы үшін ол оқушының ой-өрісін оятуы қажет.
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау:
-
кез келген жетістіктерді бағалау критерийлері оқушыға мінсіз
түсінікті болуы керек, оқушының жұмыс мақсаттары жайлы және оның
табысты орындалуы үшін не қажет екені жайлы толық түсінік қалыптастыруға
көмектеседі;
-
оқушылар бағалауды өз бетімен немесе сыныптастарымен серіктесіп
жүргізу әдетін қалыптастыру керек;
-
оқушылар өз сана-сезімінде жұмыс мақсаттарын сақтап және сол
мақсаттарға қол жеткізудегі өз жолдасын бағалай білу керек.
Бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау оқушының оқу процесіне бірден-
бір үлесін қосады – олар ешқандай басқа жолдармен шешілмейтін мәселелерді
шешуге көмектеседі. Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және коммуникативті
қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға
мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.
Достарыңызбен бөлісу: