278
жеке-дара қабілеттерінің даму деңгейін айқындау
мақсатында қолданылатын
стандарттық тапсырма; жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға
арналған,
орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес
тапсырмалар жиынтығы; қысқа бір мәнді жауап
немесе ұсынылған бірнеше
түрлі варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.
Тест әдісінің артықшылығы:
тексерудің, бақылаудың объектілігі;
тест арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта;
дәстүрлі тексеру әдісінен тиімдірек: біріншіден, оқушылардың үлкен
топтарымен жүргізуге болады, екіншіден, уақыт үнемделеді, шектеулі.
Тест – жас деңгейлері, білім
деңгейлері бойынша топталған, арнайы
әзірленген тапсырмалар жиынтығы. Тест тапсырмалары ішінара ізденіс,
репродуктивті
ғана емес, шығармашылық сипаттамаларымен ерекшеленеді,
себебі, онда білім алушының теориялық білімімен қатар практикалық
біліктіліктері де бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: