1) Құжаттар портфолиосы – сертификатталған жеке білім жетістіктерінің
портфелі. Оған жататындар: диплом, грамота, оқушының мектепте және одан
тыс белсенділігі мен табысын растайтын басқа да ресми құжаттар.
Құжаттар портфолиосы – жеке дара білімділік жетістіктердің
сертификацияланған (құжатталған) портфелі. Портфолио – материалдардың
сандық және сапалық бағасы.
2) Жұмыстар портфолиосы – оқушының зерттеу жұмыстарының,
жобаларының түрлі шығармашылық жұмыстарының қосындысы және оның
шығармашылығы мен оқуының негізгі түрлері мен бағыттарының сипаттамасы:
ғылыми конференциялар, сайыс, оқу лагерьлеріне қатысу, элективтік
курстарды, түрлі практикаларды ету, спорттық және көркем өнер жетістіктері.
3) Пікірлер портфолиосы – бұл оқушылардың өз жетістіктерін бағалауы,
оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінің түрлеріне, оның нәтижелерін, талдау
жасауын, резюме, болашақ білім алу сатыларын жоспарлау, сонымен қатар,
мұғалімдердің, ата-аналардың және сыныптастарының, қосымша білім беру
жүйесінің қызметкерлерінің және т.б. пікірлері.
Портфолио
оқушылардың
мотивациясына
қолдау
көрсетіп
ынталандыруға, олардың белсенділігі мен өзбеттілігін марапаттауға, өз бетімен
білім алуға мүмкіндіктерін кеңейтуге, рефлексивті іс-әрекетке қабілеттерін
дамытуға, сонымен қатар мақсат қою, жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру сияқты
метакогнитивті дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді (108-сурет).
Сурет-108. Оқушы портфолиосы Бағалау процесіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі. Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі
түрі болады: ауызша, жазбаша. Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау
ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:
Алға қойған мақсаты.