310
негізгі көрсеткіші оқытылатын адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыруға
бағытталады (17-кесте, 119-сурет).
Кесте 17- СТО жүзеге асырудағы оқушының іс-әрекеті
Кезең
Мақсат
Оқушының іс-әрекеті
Білім (тану
кезеңі)
Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте
сақтау, бұрынғы білімді жаңарту
Тыңдайды, кабылдайды, еске сақтайды,
ойлайды
Түсіну
Жаңа
материалда берілетін
білімді түсініп, өзінше түсіндіріп
болжам жасауы
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
Қолдану
кезеңі
Жаңа білімді тәжірибеде пайдалану Бұрыңғы білім негізін пайдалана
отырып, жаңа проблема шешеді
Талдау кезеңі Алған білімді жіктеу, саралау,
ең негізгісін ала білу
Ойланады, салыстырады, табады,
талдайды
Жинақтау
кезеңі
Жеке бөлшектерден, дара
ұғымдардан тұтас дүние жасау
Ойлап табады, құрастырады, шығарады,
байланыстырады
Бағалау
кезеңі
Жаңа ұғым жаңа материалдың
құндылығын анықтау
Бағалайды, талқылайды, өз ойын ортаға
салады
Қызығушылықты ояту кезеңінде әрекеттің танымдық түрлері орын алады.
Бұл оқушыны өз білімін талдап, жаңа тақырып бойынша ойлауға белсендіреді.
Дәл осы кезеңде тақырыптың мақсатын оқушының өзі ашады.
Мағынаны ажырату кезеңінде оқушының іс-әрекетінің барлық түрлері
қамтылады. Оқушы оқып отырып, жаңа ақпараттың өзіндік түсініктемесін
кіріктіре алады. Қажет болса, мәтінді қайталап оқиды. Мағынаны ажырату
кезеңінде оқушылар өз білімдерінен жауап іздейді.
Ой-толғаныс кезеңінде оқушылар оқып білгендерін, үйренгендерін
топтайды, белсенді түрде өз ұғымдарын жаңамен ұштастырып қайта құрады.
Достарыңызбен бөлісу: