«ашық перспективалар» деп аталады. Мүмкіндік мұғалім шақырған кезде
емес, оқушы «материалды жақсы білемін және балымды жақсарта аламын» деп
мұғалімге барғанда ғана беріледі.
8. Оқушылар мен ата-аналарға ізгіліктік қарым- қатынас.
Теориялық материалдарды игеру 7 кезеңнен тұрады. Ал теориялық
материалды терең меңгеру балалардың өз күшін істе байқап көруге деген
ынтасын арттырады, теорияны жинақтап, оқып-үйренудің нәтижесінде
үнемдеген уақыт ішінде шығарылуға тиісті есептер саны көбейіп, олардың
типтерін, есеп шығарудың ықтимал жолдарын жан-жақты әрі кеңінен талдауға
мүмкіндік береді.
Тірек
белгілері
оқу-тәрбие
процесінде
ойлау,
қарым-қатынас,
шығармашылық іс-әрекеттердің негізгі құралы болып табылады. Тірек
жазбаларымен жұмыс жасағанда бағалар жеке жазбаға –
«Ашық үлгерім» журналына қойылады және оқушы кез келген уақытта бағасын жөндей алады.
Тірек конспектісі
оқушылардың логикалық ойлауын дамытады; өзара
байланысты іске асыруға көмектеседі; оқушылардың шығармашылығын
арттыруға жағдай туғызады.
Қазіргі мұғалімнің технологиялық құзыреттілігі. Әлемдік
бәсекелестікке төтеп бере алатындай сапалы білім беру білім беру жүйесін
жетілдіруді қажет етеді. Ол үшін мұғалім технологиялық құзыреттілікті
меңгеруі қажет:
1) мұғалімнің технологияны шығармашылықпен меңгеруіне қажеттілік,
шығармашылық ізденісі;
2) мұғалімнің инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылысы, өзін-өзі
жетілдіру мүмкіндігі;
3) жаңа білімді, технологияны меңгеруге деген қажеттілік; кәсіби
құзыреттілік;
4) мұғалімнің инновациялық технологияны шығармашылықпен жаңаша
түрлендіре алуы. Өзін-өзі тану мүмкіндігі, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі;
5) мұғалімнің инновациялық технологияны өз сыныбының ерекшелігіне
қарай таңдай алуы, сабақтың технологиялық картасын жасай алуы.