Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет96/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
 
Сурет-47. Тұлғаның даму факторлары 
 
Таным іс -әрекеті
оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені тануының
маңызды құралының бірі – білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, 
ақыл-ойдың дамуына, ғылым-білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. 
Таным оқу процесінде негізгі іс-әрекет болып табылады. Баланың дамуы
барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей
түседі.
Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс -әрекет қандай болса тұлға да 
сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет 
түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің өзі барлық адамның саналы өмір 
кезеңдерінде маңызды. Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы 
жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі 
индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-
қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және 
табиғатты қорғау. 
Әлеуметтену
– мендік көзқарасын қалыптастыру арқылы тұлғаның 
әлеуметтік өмірге бейімделуі. Тұлғаның мендік танымы тиісті болумен қатар 
өмірдегі өз орнын айқындауға жол ашады. 
Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар 
Сыртқы 
Ішкі 
Орта 
Тәрбие 
Тұқым қуалаушылық 
Табиғи 
Әлеуметтік 
Жалпы адамзаттық 
Жеке-даралық 
Тар мағынада 
Кең мағынада 


105 
Жеке тұлға – саналы сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы 
табиғи тірі организм – адам. Адам туылғанда тек 
биологиялық
тіршілік иесі 
болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен 
қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы 
процесінің сипатын көрсетіп отырады. Кейін іс-әрекет, қарым-қатынас, 
еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі 
негізінде жеке тұлға болып танылады. Адам бұл жағдайға әлеуметтену деп 
аталатын процесс негізінде жетеді.
Әлеуметтену –
оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік 
өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне 
тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, 
мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет