113
Әрбір баланың жеке ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде
байқалады. Жеке ерекшеліктерге – түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке
адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады.
Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлығы, темпераменті және
қабілетінің табиғи негізін құрайды.
Жеке қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне
байланысты. Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-
құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниенің сезгіштігі және
қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: