III тип. Консенсусқа негізделген. Әртүрлі эксперттік топтардың
келісіміне негізделген. Бір ем түрін ұсыну үшін немесе бір профилактиканы
басқаның орнына ұсыну үшін дәлелдер жеткіліксіз болғанда қолданылады.
Бірақ бұл ұсыныстан бас тартуға болады, егер клиникалық зерттеулердің
нәтижесінде нақты дәлелденген мәліметтер алынса.
IV тип .
Дәлелдерге негізделген:
арнайы әдебиеттердегі ақпараттарды жүйелі бағалау және ізденіс
нәтижелерін жете зерттеу, өңдеу жасауға негізделген;
берілген дәлелдердің маңыздылығын көрсетеді және пікірлерді
дәлелдеуді анық бөліп қарауға тырысады;
қай ем жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, оң және кері әсерлерін ескере
отырып, нәтижесінің абсолютті айырмашылығын есептеп шығарады.
V тип. Дәлелдерге негізделген кеңейтілген жетекшілік немесе нұсқау. Жоба бойынша дайындалады, айырмашылығы – медициналық
практикаға, денсаулық сақтау жүйесіне өзгеріс әкелетін нәтижені көрсетеді,
анықтайды (артықшылықтары, кері әсері, баға пайдалану).
СҰРАҚ: КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖЕТЕКШІЛІКТІ ҚОЛДАНУ КЕЗЕҢДҢРІ ҚАНДАЙ? 1.
аурудың маңызды сипаттамаларына негізделген жаңа КПЖ-ны дайындау
үшін тақырыпты таңдау (аурушаңдақ, өлім-жітім, т.б);
2.
медициналық әдебиетке жүйелі шолу жүргізу;
3.
нұсқаудың жобасын дайындау;
4.
дәрігерлердің, пациенттердің және басқа да қызығушылығы бар
мекемелердің, топтардың пікірін жинау;
5.
КПЖ-ні бітіру және қызығушылығы бар негізгі топтардан мақұлдау,
келісім алу;
6.
КПЖ-ні енгізу, қолдану(кейде бір таңдап алынған аймақта),
7.
аудит жүргізу және КПЖ-ні қайтадан қарау.
СҰРАҚ: