Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

ДМ-нің төртінші кезеңі. 
Науқаста анықталған ерекшеліктермен алынған мәліметтерді 
интеграциялау. Бұл сатыда - нақты бір науқасты емдеу үшін ғылыми 
зерттеулердің нәтижесін қолдану және ДМ-нің негізгі ерекшеліктері берілген. 
Біріншіден, ДМ-де осы емдеуді қолданудың тиімділігі нақты бір науқас 
дәрігердің іс-әрекетінен пайданы сезіну мүмкіншілігіне (әсердің көлемі) назар 
аударылады. Тиімділік өлшемі көрсеткіштерінің ішінде үш негізгі индексті 
және 
мүмкіншілік 
қатынасы 
(odds 
ratio) 
көрсеткішін 
ажыратамыз:эксперименттік топтағы мүмкін болатын оң нәтиженің бақылау 
тобының мүмкін болатын оң нәтижесіне қатынасы немесе біздің ұтқан 
санымыздың ұтылған санымызға қатынасы. Клиникалық зерттеу жағдайында 
өлім ұтылысты білдіреді, ал өмір-ұтыс. 
Екіншіден, осы тиімділік науқас үшін қаншалықты қажет және зерттеу 
барысында алынған нәтиже дәрігер алдын алмақ болған нәтижесіне сәйкес пе? 
Осыған байланысты, ДМ-де шынайы және суррогат нәтижелерге барынша 
назар аударылады. «Суррогат нәтиже» - деп шынайы нәтиженің даму қаупін 
тудыратын факторлар болып табылатын, физиологиялық немесе биохимиялық 
көрсеткіштерді айтады. 
D.Sackett өзінің әріптестерімен кез келген клиницист қолдана алатын 
жобаны ұсынды. Бұл әдіс бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады: 
1.
Науқастың қалауын анықтау. Бұл сатыда науқас емдеу нәтижесінде 
қандай пайда алып, қандай шығынға ұшырайтындығын қай дәрежеде 
бағалайтындығы анықталады. Салыстырмалы бағалау үшін 1 – толық дені 
сау, ал 0 - өлімді білдіретін визуальды сәйкес шкала қолданылады. 
2.
Мүмкін болатын пайданың мүмкін болатын зиянға қатынасы есептеледі, 
яғни осы науқаста емнің пайдасы зиянынан жоғарырақ болуы керек. 
Ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану: 
- осы науқастың жағдайына байланысты толық қолдану; 
- кейбір кері көрсеткіштердің болуына байланысты бөліктік (бөлшектеп) 
қолдану; 
- зерттеу тек ғылыми мақсатта ғана қолданылуы мүмкін; 
- зерттеу науқасқа зиянды болуына байланысты қолдануға жарамсыз. 


34 
Бұл кезеңді клиникалық практикада қолдану кейде қиынға соғады, өйткені 
дәлелді медицина принциптерін клиникалық тәжірибеде қолдану тек болжам 
ретінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет