2. Көрнекі әдіс —
материалдың
мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде
қолданылады
.
3. Практикалық әдіс —тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды
жүргізу үшін қолданылады
.
4. Ойын әдісі —
оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін
қолданылады
[
1, 70 б.
]
. Ал
Сенькова Т.А. «Шет тілін оқытудың қазіргі әдістемесіне
сүйеніп,
сөйлеу қарым
-
қатынасының келесі модельдерін ажыратады: 1) ресми жеке
байланыс; 2) іскери әңгіме; 3)
еркін сөйлесу; 4) топтық ресми әңгіме; 5) топтық
әңгімедегі монолог; 6) көпшілік алдындағы мінбер сөз»
[
2,56 б.
]
. Ал Марриам Башир
,
Мұхаммед Азем
,
Ашык Хуссейн Догар
«тіл үйренушілер сөйлеудің үш
саласы
болатындығын мойындауы керектігін ескертеді
:
механика (айтылым, грамматика, лексика): керекті сөздерді
қолдану
,
дұрыс айтылуын қадағалау;
функциялар (өзара
әрекеттесу/қатынастарды құру): хабарламаның қай
кезде
маңызды екенін білу
;
әлеуметтік
-
мәдени ережелер мен нормалар (айналым,
сөйлеу жылдамдығы,
үзілістердің
ұзақтығы, спикерлер, қатысушылардың салыстырмалы рөлдері): кіммен
сөйлесу,
қандай жағдайда,
не туралы, қандай себеппен, қалай сөйлесу керектігін түсіну
[3,46].
Айтылым дағдысының ерекшелігі деп зерттеуші Левелт
(1989) төмендегі
ерекшеліктерді бөліп көрасетеді:
тұжырымдау (мәтінді жоспарлау);
қалыптастыру
(мәтін құру);
артикуляция (мәтінді айту);
рефлексия
(ойлану).
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиет көздерін зерделеу
нәтижесінде зерттеу
барысында қолданылатын ресурстар мен стратегиялар анықталды. Ресурстар мен
стратегиялары анықталғаннан кейін бірлесіп жоспарлау үшін зерттеу тобының кездесу
уақыты белгіленіп, А,В,С деңгейіндегі оқушылар белгіленді. Зерттеу тобының
кездесу
барысында сынып, сабақтың тақырыбы, жүргізу уақыты, ресурстар туралы ақпарат,оқу
жоспарына негізделген оқу мақсаттары, оқу мақсатына сай бағалау критерийлері, сабақ
кезеңдерінің логикалық байланыстылығы: кіріспе бөлім, негізгі бөлім,
қорытынды,
сабақты зерттеу мақсатына сай стратегиялар,
ерекше оқу қажеттіліктері бар оқушыларды
анықтау және саралап оқыту стратегияларына бағытталған әдістер мен тәсілдер
талқыланды.
Достарыңызбен бөлісу: