Төртінші кезеңде жоспарланған сабақтар өткізілді және әрбір сабақ бақыланды.
Бақылау кезінде оқушылардың ата
-
аналарының келісімі бойынша фото және бейне
түсірілім жүргізілді. Сабақтан кейін оқушылардан кері байланыс алынды. Яғни, зерттеу
барысы туралы сандық және сапалық деректер жинақталды.
Бесінші кезеңде өткен сабақтардың нәтижелері талдаудан өткізілді. Алынған
деректерді талдау нәтижесінде зерттеу тобының мүшелері өткізілген іс
-
шаралар күтілген
нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді деген қорытындыға келді. Оқушылардың
пікірлері бойынша де осы зерттеу шеңберінде өткен сабақтардың мазмұнын толығырақ
ұққандары
аталды. Сонымен, топ мүшелері зерттеу гипотезасы ақиқат болды деген
қорытындыға
келді. Яғни, зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың бойында
коммуникацияның төрт дағдысын дамыту –
тиімді жолдардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: