Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет127/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   191
Байланысты:
httpsold2.kspi.kzfilesarticles6-12-19-npk.pdf

Түйінді сөздер
:
зерттеушілік іс
-
әрекет, тәжірибелік дағды, ынтымақтастық, оқытуды жетілдіру
Ключевые слова:
исследовательская деятельность, практические навыки, сотрудничество, 
совершенствование обучения
Keywords:
To research activities, to practical skills, collaboration, the improvement of learning 
Қазіргі
заман педагогикасы 

үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сондықтан 
өзгерістерге толы бүгінгі күн оған ілесе отырып,
ұстаздан кәсіби құзыреттілігін 
жоғарылатуын, кәсіби қызметке байланысты мәселені шешуде дербестік пен 
шығармашылық таныта білуін, тез бейімделіп және өзін көрсете білуін талап етеді.
Өмірлік
және кәсіби мәселелерді шешу көп жағдайда заманауи білім берудің 
мақсаттарына 
сәйкес 
келетін 
«құзырлылық», 
«құзыреттілік» 
ұғымдарымен 
бейнеленетін қасиеттерге тікелей байланысты.
Құзыретті
жүзеге асыру іс
-
әрекетті 
табысты жүзеге асыру деп айтуға болады. Ендеше, әр ұстаздың негізгі мақсаты –
өз 
кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал, кәсіби деңгейін дамыту зерттеушілік 
173


қабілеттілікпен байланысты. Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында
бүгінгі заман 
талабы кәсіби шеберлік деңгейі жоғары, педагогика мен психологияны терең меңгерген 
шығармашылық әлеуеті жоғары мұғалімді қажет етеді

Бұл өз кезегінде 
оқыту 
үдерісінде мұғалімнің 
зерттеушілік қызметінің рөлін арттырады.
Сыни
тұрғыда 
ойлайтын, ғылыми
-
әдістемелік білімі жеткілікті, кәсіби шебер мұғалім алдына қойған 
мақсатына үнемі іздену және өзін
-
өзі дамыту арқылы жетеді.
Ізденістің ең бір елеулі де, маңызды да, дәлелдемесі болатын, тәжірибе болып 
қалатын,
адамды дамыта түсетін жұмыс –
зерттеу жұмысы. Зерттеу арқылы көп 
мәселенің шешімін тауып, жетістікке жетуге болады. Мұғалімнің зерттеушілік 
құзыреттілігі

кәсіби дамудың бір жолы

Зерттеушілік құзыреттілік өз бетінше жаңа 
білім жүйесін алу және меңгеруде саналы түрде дайындықтан көрінетін қасиет деп 
сипаттауға болады.
Сонымен қатар ойлау процесі мен зерттеушілік белсенділіктің даму 
деңгейін көрсетеді: мәселені анықтау және оларды шешу жолдары туралы болжамдар 
құру, міндеттер
қойып

оларды шешуді негіздеу. 
Зерттеу ортасына оқу материалының 
мазмұнын білу, зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу жайлы
білім,
зерттеудің ғылыми 
әдістерін білу сияқты қажетті білімдер тобы жатады. Зерттеу жүргізу іс
-
әрекетсіз 
мүмкін емес. Зерттеу жұмысында зерттей алу біліктілігі маңызды: яғни ғылыми ізденіс 
жүргізу, зерттеудің мазмұнын, мақсатын, логикасын, бағдарламасын жасау,
тиімді 
әдістерді таңдап алу және қолдану, оның нәтижесін өңдеу, ғылыми тұрғыдан талдау, 
қорытынды
жасау.
Қандай саладағы
болмасын,
зерттеулер

сол салада
жаңа мәліметтерді алуға 
бағытталған ғылыми ізденіс үдерісі. Зерттеудің
басты мақсаты мен міндеті 
деректер 
мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжау, нәтижесін көру
болып 
табылады.
Білім беру үдерісінде жүйелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың 
теориялық және практикалық жетістіктерін, оқу мен оқытудың оң және кері тұстарын
талдай отырып, бағалауға болады, яғни нақты түйіндер туындайды, педагогикалық 
жүйелілікті
дамытудың модельдері ұсынылады. Зерттеу 

педагогикалық қызметтің 
заңдылықтарын ашуға мүмкіндік беретін, іргелі, нәтижеге бағдарланған іс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет