Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ



Pdf көрінісі
бет164/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   191
Байланысты:
httpsold2.kspi.kzfilesarticles6-12-19-npk.pdf

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ 
 
НЕГІЗІНДЕГІ ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
 
Сейткалиева Айткуль Габдурахмановна
Тарих пәнінің мұғалімі
Әулиекөл
ауданы №28 Құсмұрын орта мектебі
Aitcul.84@mail.ru
 
Аннотация 
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді топтық жұмыста ұйымдастыру және кері байланыс алу 
арқылы оқушылардың сыни ойлауына мүмкіндіктер туғызу негізінде ең басты мәселе 
оқушылардың көп біліп, алған білімдерін орынды жерде қолдануын қамтамасыз етемін. 
Аннотция
Основываясь на групповую работу и обратную связь учащихся, я обеспечу создание новых 
возможностей для обучения и изучения так, что учащиеся смогут использовать полученные 
знания во всех аспектах жизни.
Abstract 
By creating opportunities for students to think critically by organizing group work and getting 
feedback on new ways of teaching and learning, I will ensure that students gain a lot of knowledge and 
use the knowledge gained locally. 
Кілтті сөздер: зерттеу , рефлексия , бағалау, кәсіби даму,өкіл.
Ключевые слова: исследование, рефлексия, оценивание, профессиональный рост, 
представитель
Keywords: research, reflection, assessment, professional development, representative

Жаңартылған білім беру аясында
сабақты зерттеу мұғалімдердің бірлескен 
жұмысын зерделеуді көздейді. Сабақты зерттеу тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру 
саласында ғана емес, сонымен қатар педагогикалық білімді жетілдіру, оқу 
бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау, мектепті басқару және т.б. салаларда 
жүргізілуі мүмкін. Сабақты зерттеу жеке шара ретінде емес, күнделікті жұмыстармен, 
мәселен, жаңа оқу бағдарламасын енгізу, белгілі бір саладағы оқыту тәжірибесін 
жетілдіру, ұзақ
мерзімді жоспарлаумен бірге ықпалдастырылып жүргізілген кезде 
анағұрым тиімді болмақ. Осы орайда өзімнің тәжірибемде 11 сыныпта Қазақстан 
тарихынан
зерттеу сабағы жүргізілді. Сабақ жоспарға сай ҚМЖ
формасында
құрастырылды. Сабақ барысында оқушыларды А және В, С
деңгейіндегі сауалнама 
арқылы анықтап, өз деңгейінде тапсырмалар беруді орайластырдым. Алдымен анықтап 
алғанымдай өз деңгейлері бойынша төрт топқа бөліп алдым. Балалардың деңгейіне сай 
жоспарланған жұмыстар бойынша
төрт топқа тапсырмалар берілді. Сабақты бастамас
бұрын 
алдын
-
ала видео көрсетілді. Өздерінің көрген
видеолары бойынша түрткі 
сұрақтар ортаға тасталып, төрт топта да 

әдісін 
қолдандым. Әр топтан өкіл шығып қарама
-
қарсы 
топтарға барып түсіндіре
отырып,
жұмыс 
243


жасады.
Нәтижесінде бұл
зерттеу 
сабақта
А деңгейі көшбасшы екендігін көрсете 
білсе, С деңгейіндегі оқушы В деңгейіне көтерілді, ал В
деңгейіндегі оқушы
өзінің 
В 
деңгейіне
сай екендігін байқатты. 
Сабақ соңында рефлексия жасалып, кері байланыс 
орнатылып, 
оқушылар 
білімі 
балдық 
жүйемен 
бағаланды.
сурет 1
Зерттеу сабағымның 
әкімшілік тарапынан 
өте жақсы деген деңгейде
бағаланғаны 
мамандығыма адалдығымның бір дәлелі деген ойдамын. Мен
қазіргі таңда "Ұстаздық 
еткен жалықпас, үйретуден балаға" деген даналық сөзді педагогикалық ұстанымыма 
айналдыра отырып, 
"Мұғалім
тәжірибесіндегі зерттеу" журналын жиі парақтап, әлі де 
ізденіс үстіндемін.
Осы орайда менің зерттеу тақырыбым "Топтық жұмыс арқылы 
оқушылардың өздігінен реттелуін қалыптастыру" 
болып табылады. Әріптестерімнің сабақтарын 
зерделеу 
нәтижесінен 
әріптестерімнің 
оқушылармен 
күнделікті 
сабақта 
топпен 
жұмыстың жүргізілу әлсіздігін және оқыту мен 
оқудағы топтық жұмысқа өз деңгейінде мән 
бермейтіндігін анықтадым. Сондықтан осы 
тақырыпты жүзеге асырудағы мақсатқа жетер 
жолдағы қадамдарымды былайша топтастырдым:
1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді топтық
Сурет 2
жұмыста ұйымдастыру және кері байланыс алу
арқылы оқушылардың сыни ойлауына мүмкіндіктер туғызу негізінде ең басты мәселе 
оқушылардың көп біліп, алған білімдерін орынды жерде қолдануын қамтамасыз етемін;
2)
Сапалы оқыту үшін АКТ
-
ны қолданып, стратегиялар арқылы қалай оқу керектігін
үйретуде мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету
арқылы әріптестерімнің де өзгеруіне жол ашып,
олардың табысты оқытатын құзырлы мұғалім
болуына ықпал етемін;
3)
Топтық жұмыс негізінде балалардың өзіндік
реттелуіне оңтайлы ортаны кәсіби қоғамдастық
шеңберінде 
құру 
арқылы 
жекелеген 
қажеттіліктерді(инклюзивті 
оқыту) 
қанағаттандырамын.
сурет 3
4)
Мектеп мәдениетін дамыту және мұғалімдер қоғамдастығындағы "көпіршелер"
арқылы барлық әріптестеріме қолдау көрсетемін деген тұжырымға келдім.
Осы міндеттерді шешудің жұмыс әдістерін тарқатып айтсам, 
оқыту үшін бағалау,
диалогтік оқыту, тәжірибе туралы рефлексия, коучинг пен тәлімгерлік, "Сабақты
зерттеу" 
болып табылады.
Ал жұмыс құралдары: АКТ
-
ны қолдану,өзін
-
өзі және өзара
бағалау ,орта мерзімді жоспарлау және бағалау, зерттеу жұмысы және жалпы жұмыс
жоспары арқылы іске асады.
Менің тәжірибемде зерттеу сабағы қарапайым идея болып
табылады.
Егер сіз оқытуды жаксартқыңыз келсе ,онда мұғалімдермен бірге жұмыс
істеу
-
жоспарлау,бақылау және сабақ бойынша ой жүгіртудің қаншалықты
маңызды
244


екені анық емес пе?
Осы жұмысты іске асыру үшін "Сабақты зерттеу" тақырыптары 
бойынша мұғалімдер арасында семинарлар мен коучингтер өткізіп сабақта жиі 
кездесетін проблемаларды анықтап ,
11 
сыныбына сабақ беретін мұғалімдер арасында 
фокустық топ құрдым

Топтың
негізгі зерттеу тақырыбы: «оқушыларының қабілеттерін 
ескере отырып, терең білім алуына жағдай жасау» 
деп таңдап алдым.
Бұл тақырыпты таңдау себебім
әр оқушының қабілетін ескере отырып, терең 
білім алуына жағдай жасағым
келді.
Зерттеу барысында мен үш сабақ өткіздім

Бірінші 
сабақта "Сен маған,мен саған"әдісін қолданған кезімде диалогты оқытуда сұрақ қоюға 
үлкен мән берілді.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ 
дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың 
оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. "Фрейер" әдісінде сабақта 
саралау тапсырмаларын орындағанда яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 
оқыту және рефлексия алу мақсатында "ҚҚҚ" кестесін қолдандым. Бұл менің 
тәжірибемде 
"Оқу
үшін бағалау және оқуды бағалауға

сәйкес келетіндігін байқадым

Екінші сабақтың басында миға шабуыл кезінде "Үштік" әдісін қолданып оқушылардың 
қызығушылығын
тудырдым, ал топтық жұмыс барысында "Әткеншек" әдісін 
қортындылау мақсатында "Тұжырымды ой" қолдандым.
Сабақтағы деңгейлік тапсырмалар
,
яғни саралау тапсырмалары талантты
және 
дарынды оқушыларды оқытуға
сәйкес келеді. 
Сабақты қорытындылау барысында 
рефлексия
үшін
"Нысана" кестесін қолдандым. Үшінші
сабақ қорытынды сабақ 
болғандықтан сабақтың басында өткен сабақтардағы теориялық білімдерін еске түсіру 
мақсатында "Сен маған, мен саған" әдісін ,екінші сын тұрғысынан ойлауға үйрету 
мақсатында зерттеу тапсырма құрастырдым. Қортындылай
келе сабақты зерттеу 
тобының зерттеу нәтижесі бойынша әр тапсырмаға сай дискрипторлар мен бағалау 
критерийларды құрастырдым

Бақылау барысында осы бақылаулар мынадай 
қортындылар
жасауға себеп болды: сұрақ
жауап түрінде өткізілетін сабақ кезеңдері 
барлық деңгей оқушыларының белсенді қатысуын көрсетті. Синтез, талдауды қажет 
ететін сұрақтар С
деңгейлі оқушыларда үлкен қызығушылық тудырмады

Тапсырмаларды
жеке орындауда
да ол оқушылар үшін қиындық тудырды,
бұл олардың 
жеке жұмыс жасауға сенімсіздігінің салдары деп есептеймін

Топтық жұмыс барысында 
олардың белсенділігі артты.
Сол себепті келешек сабақтарға оқушылардың 
белсенділігін арттыратын топтық жұмыстарды түрлі әдіс
-
тәсілдер арқылы беру 
керектігіне көзімім
жетті.
Талдауды
қажет ететін тапсырмаларда А
деңгейлі 
оқушылардың қызығушылығы жоғары болды,
сондықтан оларға жоғары ойлау 
дағдыларын қажет ететін тапсырмалар қарастыру керектігін байқадым

Осы сабақты 
зерттеуді жүзеге асыру барысында байқағаным зерттеу сабақтарына қатысу 
мұғалімдердің өздерінің педагогикалық тәжірибесін жетілдіре алады деп ой түйдім. 
Жалпы, менің тәжірибемде сабақты зерттеу оқушыларға не берді? Ұтымды
тұстары 
қандай? Оқушылардың ой
-
ұшқырлығы пайда болды ,
өз үлесін
қосып жатқанын сезінді, 
олардың мүмкіншіліктерін салыстырып анализ жасай алды.
Бақылау нәтижесінде өте 
тұйық және көшбасшы оқушылар анықталды. Бағалау тәсілдерін қолданғанда 
оқушылардың өзін
-
өзі объективті бағалай алмауы көрінді.
Ал осы сабақты зерттеу
жұмысына қатысқан мұғалімдер өздерінің тәжірибесін жетілдірді. Зерттеу нәтижелерін 
245


бірлесе талқылау әріптестері ұсынған сындарлы кері байланыстың арқасында 
мұғалімдер өздерінің 
талдау дағдыларын жетілдіре алады.
Әсіресе, тарих сабағынан 
зерттеу сабағын жиі өткізу ұтымды. Бұл оқушыларды туған жерінің табиғатын 
зерделеуге, деректерді іздеуде шығармашылығын дамытады. 
Ұжым
арасында 
әріптестеріммен кіріктіріп зерттеу сабағын өткізу де өз жемісін беру үстінде. Өйткені, 
қазіргі жаңа заман баласы бізден тың жаңалықты күтіп қана қоймай үнемі ізденісте 
болады. Ендеше, жаңартылған білім шеңберінде жаңа форматтағы ұстазға лайық 
болып, 
кәсіби дамуға ұмтылысымызды күшейте берейік дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1."Білімді ел" республикалық журналы 2019 ж № 2 5
-
6 беттер
2."Білім шыңы" республикалық газеті №5 2018 ж 5
-
6 беттер 
3."Жаңа білім" журналы №5 2019 ж 8
-
9 беттер
4."Қазақстан мұғалімі" журналы №6 2019 ж 89 беттер
5."Жаңа тарих" республикалық журналы №5 2019 ж 2
-
3 беттер
6."Учительская плюс" облыстық әдістемелік газет №3 2019 ж 5
-
6 беттер
7."Қазақстан мұғалім" журналы №4 2019 ж 7
-
8 беттер
246




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет