сабақ барысында қолданып, оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіре түсу
жұмыстарын қолға алып, оны сабақ сайын күрделендіре түсу
жоспарланды.
Жоспар
бойынша сыныпқа математика пәнінен зерттеу сабақтары жүргізілді. Шығармашылық
топ болып, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. С деңгейіндегі
оқушы «Үлгерімі жақсы» оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі орташа» оқушы, А деңгейінде
«Үлгерімі төмен» оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Бірінші, екінші
сабақтарда оқушылар ашыла алмады, өз ойларын еркін жеткізе алмады, себебі, бұл үрдіске
дағдыланбағандықтан деп ойладық. Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі,
диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асты. Әр сабақта 3
баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту
әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру
мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.
Одан кейінгі сабақтарда
зерттеу сабағы әдебиеттік оқу пәнінен өткізілді. Осы сабақ
барысында анықталып алынған А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабақ барысындағы іс
-
әрекеттерін шығармашылық топ зерттеп шықты. Блум токсономиясына байланыстырып
құрылған сабақ жоспары мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту үшін берілген сұрақтар
жауаптарымен сәйкес келе ме, жоқ па сабақ барысында анықталды. Сабақ сәтті өтті.
А деңгейдегі
оқушы өз білімін дәлелдей алатынын көрсетті. Жетелеу сұрақтары арқылы, жеке жұмыстар мен
тапсырмалар беру арқылы сабаққа деген қызғушылығы
мен
топ арасында көшбасшылық
қабілетін көрсете білді .
Ал С деңгейдегі оқушының
ынтасын
ашатын түрткі сұрақтарды қоя
отырып,
алға қарай ілгерілеуге жетеледі. В деңгейіндегі оқушы
бастапқыда сұрақтарға онша
араласпады,
кейіннен
оның белсенділік қабілеті арта түсіп, топпен тапсырма берілгенде топ
басшының берген тапсырмасын
өз деңгейінде
орындап шығып, өзін көрсете білді. Оқушы үнін
тыңдаған кезде А деңгейдегі оқушы
тұжырым жасаған кезде
,
тақырыптағы кейіпкерлердің
мінез
-
құлқын өзгертіп, сәл де болса мәтіннің мазмұнын жаңалап өз ойынша аяқтағысы келетінін
айтты . Мәтіндегі кейіпкерлерді ақылды, мейірімді қылып көрсетер едім деп тұжырымдады.
Яғни, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғары екендігін аңғарта түсті.
В деңгейдегі оқушы
-
«Сабақ ұнады, бірақ мен бұл сабақта өзімді
көрсете алмадым.»
-
деген тұжырым жасады. Келесі
сабақта белсендірек болатынын айтып өтті. С деңгейдегі оқушы
–
«Маған өте қызықты болды
.
Алдағы уақытта да осындай сабақ болса, мен белсене қатысамын »
-
деп жауап берді .
Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер
арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар
болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға
толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыланды. Топтық жұмыс арқылы ойларын
ортаға салып талқылау, талдау, өз
пікірін ашық айтуға дағдылана отырып, оқуға деген
қызығушылығы артты
.
Достарыңызбен бөлісу: