орайластырылған зерттеу тақырыбы мен мақсатын, сонымен қатар жалпы
күтілетін нәтижелердің мақсатқа қаншалықты деңгейде болды? Мақсатқа жетті
ме? Сабақ барысындағы
сәтті және сәтсіз тұстарын, сонымен бірге зерттеу
сабағының жұлдызды тұстарын айқара ашып жазып көріңіз. (150 сөз)
9.
Зерттеу нәтижеңіз қандай деңгейге жетті деп ойлайсыз? Зерттеу нәтижеңізде
зерттеу сұрағына қаншалықты деңгейде жемісті жауап таба алдыңыз? Зерттеу
нәтижеңіз бойынша жинақталған шеберлігіңізді кәсіби түрде не түрінде бере
алдыңыз? Не түрінде (семинар, коуч т.б.) бөлісер едіңіз? Өзіңіздің әдістемелік
тақырыбыңызға қаншалықты деңгейде байланысы бар, үйлесімді бола білді ме?
Әлде сіздің әдістемелік тақырыбыңызға ешқандай байланысы болмады ма?
Зерттеу нәтижесін қандай ортада, кімдермен, қандай формада бөлісер едіңіз? (150
сөз)
10.
Өзіңіздің тараптан осы зерттеу сабағы бойынша қандай тиімді ұсыныстар жасар
едіңіз? Осы зерттеу сабағы сізді неге үйретті? Осы зерттеу сабағы сізге кәсіби
деңгейде өсуіңізге ықпал етті ме? Әлде ешқандай өзгеріс байқалмады ма?
Байқамадыңыз ба? Егер өзгеріс болса, сіздің кәсіби өсуіңізге ықпал еткені болса,
оны қалайша және қай кезеңде байқадыңыз? Қалайша байқадыңыз? (150 сөз)
11.
Осы зерттеу сұрағы бойынша сіз өзіңіздің әдістемелік жүйеңізге өзгерісті енгізер
ме едіңіз? Бұл
үрдіс сіздің әдістемелік жұмысыңызға, зерттеуіңізге қаншалықты
деңгейде әсер етті? Болашақта осы зерттеу сұрағына,
тақырыбына қатысты
мәселелерді қарастырар ма едіңіз? Осы тақырыпқа туыстас тақырыптарды алар
ма едіңіз? қай сыныпқа алар едіңіз? неге? Неліктен? Себептерін көрсетсеңіз. (150
сөз)
12.
Жинақталған тәжірибеңізді қалай және қай ортада таратар едіңіз? Сіз басқа да
әріптестеріңізге үйретеріңіз бар ма? Өз пәніңіз бойынша жеткен жетістігіңізбен
жеке шеберлік сыныбын берер ме едіңіз? Шебер түрде тәжірибені таратуда
қандай әдістерді қолданар едіңіз? неге басымдылық жасар едіңіз? Қалайша
жеткізер едіңіз? (150 сөз)
13.
Осы зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған тәжірибеңізден қандай өнім
шығарар едіңіз? Оны қай мерзімде орындар едіңіз? Өніміңізді қандай формада
жеткізер едіңіз? Қай деңгейде осы өнімді жария етер едіңіз? (150 сөз)
Осы сұрақтардың барлығын ескере келе, тыңдаушылар кез келген рефлексиялық
есепті жазуда қиыншылық тумайтынын сезіну керек. Осы мақалада берілген жетекші
сұрақтардың барлығына жетене үңілетін болсақ, барлық
сұрақтарға ерекше назар
аударып, әрбір сұрақты оқу және оқыту үрдісіне байаныстыра отыра әр педагогтың
әдістемелік, ізденіс және ғылыми тараптарын үйлесімді түрді бір жерден түйістіруге
болады. Сонымен бірге осы сұрақтар көптеген іс
-
әрекеттегі атқарылған жетістіктер
мен кездескен қиыншылықтардың ашылуына, оны шешу немесе тарату бойынша
қабылданған және жасалған іс
-
шаралар легі бойынша тың ақпараттың пайда болуына
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: