46
сабақ
материалына
үлкен
қиындықпен
зейінін
шоғырландырады.
Сөйлеу бұзылысы бар балалардың зейіні төмен,
әсіресе зейінді бір объектіге шоғырландыру және зейінді
бөлу функциялары зардап шегеді. Оқушылар сөздік
нұсқауларды қиындықпен қабылдайды, көп жағдайда өз
әрекеттерін түсіндіре алмайды. Мамандар сөйлеу
бұзылысы бар балалардың өз әрекетін бақйлауының төмен
деңгейін белгілейді. Танымдық іс-әрекет бұзылыстары
нашар еске сақтау қабілеті мен төмен ақыл-ой қабілетімен
сәйкес келеді. Мұндай балалар тобын оқытатын педагог
өзінің сөйлеуіне ерекше мән беруі керек, себебі оған
баланың оқу материалын қабылдау сапасы тәуелді.
Сонымен қатар, сөйлеу бұзылысы бар балалар мұғалім
тарапынан ерекше психологиялық қолдауға мұқтаж болып
келеді. Эмоционалды-еріктік сферасы тұрақсыздығымен
сипатталады. Балаларға көңіл-күйдің тез өзгеруі тән, кейді
тіпті агрессия, мазасыздану байқалады. Олар сабақта
тынып отыра алмайды, ыстықты, қоғамдық көлікте ұзақ
сапарлар нашар көтереді, бас ауруына, бас айналуға, жүрек
айнуға шағым айтады. Функционалдық бұзылыстары бар
балаларға невротикалық бұзылыстар тән және кей
жағдайда төмен баға алуы, мұғалімнің ескертуі,
сыныптастарының
орынсыз
қарым-қатынасы
ауытқушылықтар тудырады. Кейбіреулерге агрессивті
мінез-құлық, шектен тыс қозғыштық тән, басқаларына –
ұялшақтық, қорқақтық, жасқаншақтық тән болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: