36
тілдері өрескел бұзылып келеді. Балада есту кемшілігінің
болуы сөздегі дыбыстауды реттей алмайды. Осыдан оның
аузша сөйлеуі қалыс қалады. Барлық осы жағдайлар
баланың қоршаған дүниені тануын, сөйлеуді игеруін
қиындатады. Сондықтан оның ой қызметінің дамуында
бұзылыс көрінеді. Қалыпты ести алатын балалармен
салыстырғанда мұндай балаларда ауытқушылық айқын
көрінеді. Мүлде естімейтін тас саңыраулар өмірде өте сирек
кездеседі. Түзету оқу жұмысы 2 жастан 6 жасқа дейінгі
балалармен арнайы балабақшаларда жүргізіледі. Мектеп
жасына жеткеннен бастап мұндай балалар оқуын нашар
еститін арнайы мектептерде жалғастырады. Оқыту
жұмыстарының барлық түрлерінде балалардың сақталған
есту қабілеті міндетті түрде пайдаланылады, өйткені бұл
естуді арнайы аппараттың жәрдемімен күшейтуге болады.
Дәрігер отоларинголог есту қабілетінің бұзылуынан
тексере отырып, алдын алу сақтандыру шараларын да
жүргізетін болады (құлақты таза ұстау, кенеттен шыққан
қатты айқай, топ шуылынан құлақты сақтау, дәрігерге
жылына екі рет тексеріліп отыру).
Достарыңызбен бөлісу: