Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет22/87
Дата11.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#137455
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87
Байланысты:
podgorka

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. 
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің субъектілерін 
атаңыз? 


56
2. 
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі сатыларын 
атаңыз? 
4.2. Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі 
шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу технологиялары
Мазмұны: 
1.«Технология» түсінігі.
2. Психологиялық-педагогикалық сұйемелдеу 
технологиялары.
Мақсаты:
Психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
технологияларын анықтау.
Технология (гректің тechno – өнер, шеберлік, logos – 
ғылым) берілген параметрлер өнімдерін алуға мүмкіндік 
беретін бастапқы материалдарды қайта құру әдістері мен 
үдерістерінің жиынтығы және бірізділігі. Педагогикалық 
технология – педагогикалық әрекеттердіңкепілдендірілген 
жетістігін қатал ғылыми жобалау және нақты түрде қайта 
жаңғырту;алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісін 
тәжірибеде жүйелі және бірізді іске асыру. Аталған үдерістің 
технологиялылығы жоспарланған нәтижелерді барынша 
нақты болжауға және оған жетуге, мүмкіндігі шектеулі 
баланың тұлғасының дамуына ғана емес,олардың 
айналасындағы балалардың дамуы үшін қолайлы 
жағдайлармен қамтуға; бала тұлғасына қолайсыз 
жағдайлардың ықпалын азайтуға; практикалық тәжірибені 
және оны қолдануды ғылыми негізде талдауға және 
жүйелеуге; білім беру және әлеуметтік-педагогикалық 
міндеттерді шешуге ресурстарды тиімді таңдауға және 
оларды қолайлы қолдануға мүмкіндік береді. Педагогикалық 
технологияларды 
сипаттауға 
В.П. 
Беспалько, 
Л.В.Байбородова, В.В.Гузеев, М.В. Кларин, М.М.Левин, 
Г.К.Селевко, А.И. Уман және т.б. кеңестік ғалымдар, 
сонымен бірге шетелдік ғалымдар Л.Андерсон, Б.Блум, 
Т.Гилберт, Р.Мейджер, К.Силбер, Р.Томас және т.б. 
еңбектері арналған. Г.М.Коджаспирова педагогикалық 
технологияны білім алушының тлғасын тәрбиелеу, оқыту 


57
және дамыту міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін 
тәсілдер, амалдар және қадамдар жүйесі, орындау 
бірізділігі ретінде сипаттайды.
Психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
технологиясы білім беру үдерісі субъектілерінің пәнаралық 
өзара әрекетіне сүйенеді, олардың тұлғалық және кәсіби 
дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі 
технологияларын атайық. Оларға бірінші кезекті мыналарды 
жатқызамыз:
• Әрбір жеке құзыреттілік немесе пән бойынша мүмкіндігі 
шектеулі әр түрлі санаттағы балалар үшін білім беру 
бағдарламасының бейімделуі контекстінде бағдарламалық 
материалды берудің бірізділігі мен тереңдігін баланың 
барабар мүмкіндіктеріне қалыптастыру; 
•Мамандардың 
пәнаралық 
консилиумдарын 
өткізу 
технологиясы, бұл өз кезегінде басымдықтарды құруға және 
медициналық 
және 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
стратегиясын 
анықтауға, 
сондай-ақ 
сүйемелдеудің қандай да бір стратегиясының тиімділігін 
бағалауға мүмкіндік береді; 
• Бала мен оның отбасын адекватты абилитациялау және 
сүйемелдеу міндеттерін шешу үшін оның проблемаларының 
себептерін және механизмдерін анықтай отырып, баланың
ерекшеліктерін және даму деңгейін бағалау технологиясы;
•Инклюзивті білім беру кеңістігінің барлық субъектілерін 
сүйемелдеу міндеттерін шешу, эмоциялық қабылдау және 
топтық бірігуді қалыптастыру үшін топішілік өзара қарым-
қатынасты бағалау технологиясы;
• Білім беру процесіне қатысушыларды (педагогтарды, ата-
аналарды) қолдау, ата-аналар және мұғалімдермен 
психологиялық жұмыс технологиялары. 
Мұнда ұсынылған технологиялардың әрқайсысы нақты 
мазмұнымен, кезеңділігімен, кәсіби бағыттылығымен, 
пайдаланылатын 
әдістемелік 
құралдармен, 
индикаторлармен 
және 
нәтижелілікті 
бағалау 
критерийлерімен, 
әрбір 
кезеңде 
жоспарланған 
нәтижелермен сипатталады. Әрбір технологияның маңызды 
аспектісі оның пәнаралық сипаты, әрбір маманның басқа да 


58
сүйемелдеу мамандарымен өзара байланысы болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет