З. Е. Колумбаева



Pdf көрінісі
бет45/84
Дата11.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#137523
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84
Байланысты:
Kolumbaeva

 
15.2 Қазақстанның астаналары 
 
Астана.
 
1997 жылы 20 қазанда саяси, экономикалық жағдайларға 
байланысты республиканың бас қаласы Астанаға кҿшірілді. Жас Қазақстан 
экономикалық тапшылыққа қарамай, қиын шешім қабылдады. Бҧл шешім басқа 
елдерді де таң қалдырған еді. Аз уақыттың ішінде бҧрынғы провинциалдық 
қала танымастай ҿзгерді. Ҽсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы
Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ ҥйі, Еуразия университетінің 
жаңа ғимараты, Жастар сарайы, ҽр тҥрлі министрліктердің ҥйлері мен кҿп 
қабатты тҧрғын ҥйлер салынды.
Парламент ҥйінің алдында қазақтың атақты ҥш биі – Тҿле би, Қаз дауысты 
Қазбек би, Ҽйтеке би - ескерткіштері орналасқан. Ақ барыс – жас Қазақстанның 
ХХІ ғасырдағы жарқын да, бақытты болашағының символы.
Астана - мемлекеттің саяси, ҽкімшілік, экономикалық, мҽдени орталығы.
Орынбор.
 
1920 жылы Қазақстан Ресейдің қҧрамында автономиялы 
респблика болып қҧрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор 
ҿлкесі ол кезде қазақ жері болатын. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 
кҿптеген жігіттері білім алып шықты. Олар ҿз елінің зиялылары жҽне ірі қоғам 
қайраткерлері А.Байтҧрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай, 
Х.Досмҧхамедов, ағайынды Сейдалиндер болды. Осында қазақтың талантты 
ҧлдары жҧмыс істеп, еңбектер жазған. 


63 
Қызылорда.
 
1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы 
Орынбордан Қызылордаға кҿшірілді. Сҿйтіп, бҧрынғы Ақмешіт, қазіргі 
Қызылорда астана болды. Ол кезде Сыр бойының табиғаты ҿте бай еді. Аз 
уақыттың ішінде қалаға бҥкіл қазақ жерінен ғалымдар, ақындар, ҽншілер 
жиналды. Ҽ.Бҿкейханов, С.Сейфуллин, І. Жансҥгіров, А. Байтҧрсынов т.б. 
еңбек етті. Қалада тҧңғыш музыка театры ашылды. Онда Қ.Қуанышбаев, 
С.Қожамқҧловтар жҧмыс істеді. Қызылорда - ақ кҥріштің, газ бен мҧнайдың 
орталығы. 
Алматы.
 
1929 жылы еліміздің астанасы осында кҿшірілді. Басын қар 
басқан Алатаудың етегіндегі ҽсем қала астана болуға лайық еді. Қаладағы 
Опера жҽне балет театрының ҥйі, «Қазақстан» қонақ ҥйі, Республика сарайы
М.Ҽуезов атындағы драма театры, Орталық мҧражай, Ғылым академиясының 
бас ғимараты т.б. сҽулет ҿнерінің тамаша ескерткіштері деп саналады. Медеу 
мҧз айдыны бҥкіл дҥние жҥзіне белгілі. Қазір Алматы – Алматы облысының 
орталығы, республикалық мҽртебесі бар қала. Жергілікті басқару органы – 
Алматы қалалық ҽкімшілігі.
Түркістан.
 
Тҥркістан – бабалардың кҿне қаласы. Ол Қаратау мен 
Сырдария ҿзенінің ортасында, Ҧлы Жібек жолының бойында орналасқан. 
Ежелгі заманда қала Шабғар деп аталатын. Монғол жаугершілігінен кейін қала 
Тҥркістан атанды. Тҥркістандағы ғажайып ғимарат он жыл кҿлемінде салынып 
бітті. Ата-бабаларымыз кҿне заманнан Тҥркістан топырағын қасиетті санаған. 
Хандар таққа отырған кезде Қожа Ахмет ақынның басында тҧрып ант берген. 
Кҿне Тҥркістан топырағында сексен хан, би, батырлардың сҥйегі жерленген. 
Жас жеткіншек, сендер ата-бабаларынның ерлік жолын, сҿзін іздесеңдер, осы 
кҿне Тҥркістаннан табасыңдар. Ҿйткені, тарихы терең Тҥркістан таспен 
жазылған кітап секілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет