265
өзгелердің
қамбаларын сарқып, салтанат құратын кез жетті.
Моңғол
-
керей жұрты ендігіде Бұрхан мен Қарақорым тауының
тағысындай табанын жалап күн кешпейді...
Ол қыза сөйлеп осы араға келгенде жұмық көздері тереңнен
жылтырап, өңіне ісік жүргендей күреңдеп, терісіне симай
кетті.
Әлгі
жұмық көздер енді от боп жайнап, қыранның
қаншегіріндей
талпынып, байыз таппады. Жасы отыз жетіге
келген моңғол қағаны осы бетінде әлденеге алақызып,
асығатындай. Алдына келген нояндар оның мына түрінен именіп,
сөзден бөгеліп отырып қалды» [6, 34].
Оның алдағы мақсатына асығуы ғана емес, өзінің қарашысын
имендіріп тұратын сұсты
жүзі көз алдыға келеді.
Ол әскерін тек
имендіріп қана қоймай, олармен санасып отырған. Кей жағдайда
сұраған қалауларын орындайтын болған. Оған бір мысал,
Тұрсынхан Зәкенұлының осы романындағы әскерінің аң аулауға
өтініш
айтып, Шыңғыс ханның келісім беріп,
біраз уақытын
сейіл
-
серуенге бөлгендігі.
Сонымен қатар, Шыңғыс хан басынан не өтсе де уақытша деп
білген шыдамды, төзімді, сабырлы адам.
Саят құрып жүргенде
итін Сангүннің бүркіті жазым қылады. Сангүннің көздегені де
осы болатын. Ханның итінің өлуі де мұндай сын сағаттарда
жаулыққа ұласатын араздықтың тууына себеп болуы мүмкін
жайт. Бірақ, болашық мақсат
-
мүдде жолында ақылды хан
ондайға жібермейді, келіп тұрған ашуын тежей біледі [8, 18].
Достарыңызбен бөлісу: