«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет126/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Тіршілік пен 
өлімнің Ұзақ дауы шешілген. Артына қарап үңіліп, Қайран талай 
жыл кетті; Мөңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген сиырдай; 
Саудагер сарттай қайтты өмір, Құмар ойнап ұтылған 
т.т [3, 
47]. Аталған мысалдарды Р.Сыздық қазақ әдебиетінде Абайға 
дейін тек Дулат ақында ғана кездесетінін айтады. Бұл Дулат пен 


256 
Абайдың шығармашылық және өңірлік байланысынан болса 
керек.
Академик Р.Сыздық Абай мен Ыбырайдың орыс тілі арқылы 
қазақтың
жазба 
әдеби 
тіліне 
ықпалын 
былайша 
тұжырымдайды:«...Абайдың (және Ыбырайдың) орыс тілі 
ықпалына қатынасында бұрынғы қазақ әдеби тілінде де, ауызекі 
сөйлеу тілінде де жоқ тенденция
-
бағыттар бар. Ол 
– 
орыс тілін 
қазақ
әдеби тілінің дамуында негізгі әсер
-
үлгі алатын тіл деп 
тану. 
Кептерше сүйінісу, бір сағаттан бір сағат, еркекке мүйіз 
шығу 
т.б. Екінші тенденция 
– 
лексикалық единицаларды, 
калькаларды тікелей орыстың жазба әдебиетінен алу, бұл
әрекет 
жалғыз аударма арқылы емес, орыс әдебиетімен танысу арқылы 
да жүзеге асатынын Абай өз творчествосында, өз тілінде 
көрсетті» [3, 51
-52].
Абайдың жазба әдебиеттегі рөлін көрсеткенде, ақын тіліндегі 
диалектілік ерекшеліктерге тоқталғанымыз жөн. Көптеген 
ғалымдар
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін, Абай мен 
Ыбырайға дейін
-
ақ көркем әдебиетте жалпыға түсінікті тіл 
болғанын, диалектілік өзгешеліктердің жойылып кеткенін 
айтады. Олардың пікіріне сүйенсек, қазақтың жаңа жазба әдеби 
тілінің нұсқалары жалпы қазақ
қауымына түсінікті болған. Бұл 
пікірді М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, 
Қ.Жұмалиев т.б. ғалымдар қолдайды. Ал С.Аманжолов Абайдың 
солтүстік
-
шығыс диалектісінде жазғанын, сол себепті қазіргі 
жазба әдеби тіліміздің негізі сол диалектілер негізінде 
қалыптасқанын
айтады. Бұл тұжырымға сәйкес солтүстік
-
шығыс 
диалектісі әдеби нормаға жатады. Ал Абай тілінде жалпылыққа 
түсініксіз сөз болса, басқа өңірдің диалектілерін қолданған деп 
қорытуға
тура келеді. Ғалымдардың Абай тіліндегі диалектілерді 
жоққа шығарушыларға академик Р.Сыздық қарсы пікір білдіреді. 
Бұл тұрғыда Р.Сыздық С.Аманжоловтың пікірімен келіспейді. 
Өйткені
ғалым Абай өмір сүрген дәуірде диалектілердің 
қолданылуы
аясы тарылмаған болса, ақын өз туындыларында 
диалектілерді қолданғанын айтады. Ал диалектілер ешқашан 
әдеби
тіл нормасына жатпайды. С.Аманжоловтың бұлай
тұжырым жасауына Абай тілінің сол кезеңдегі жазба әдебиетке 
жасаған ықпалының жоғары болғаны себеп болса керек [3, 52
-
53].


257 
Р.Сыздық С.Аманжоловтың тұжырымына сәйкес мынадай екі 
түрлі мәселеге назар аударады: «Бірі 
– 
Абай тіліндегі сөздердің 
күллісі қазірде әдеби норма ма, яғни бұл күнде Абай өлкесіне тән 
жергілікті ерекшелік болып табылатын жеке сөздер Абай тілінде 
ұшыраса
ма екен, екіншісі 
– 
Абай өзге «диалектілерге», яғни өзге, 
шалғай өлкелерге тән элементтерді пайдаланды ма екен?» [3, 53]. 
Осы мәселеге байланысты Р.Сыздық өз еңбектерінде талдау 
жүргізеді.
Абай тілінде жиі кездесетін 
күсу
етістігі батыс, солтүстік 
ақындарының ешқайсысында кездеспейді. «Ойға тоймас 
қызықты
қиялдан 
күс
», «Жалмауыздай жалаңдап, Ар
-
ұяттан 
күсіппін
», «Қайтіп суып жалғаннан 
күсе 
аламыз», «малдан 
күсу,
жаннан 
күсу
» [3, 56] сияқты жолдарды Абай тілінен кездестіре 
аламыз. Бұл сөзді Шығыс өңірінен шыққан
Дулат ақынның 
тілінен де кездестіреміз. Дулат ақын «Елім десе елеріп, Жаннан 
мүлде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет