«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет15/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Материалдар мен әдістер

Зерттеу мақаласында орта 
мектептерде оқыту мақсаттарына сай шығарманы оқып
-
игеру 
үшін
шығармадағы «көркем деталь» мен «мотивті» айқындау, 
талдау үдерісінде оған мән берудің маңыздылығы баса айтылған. 
Жоғары сыныптың оқу мазмұнын (Ә. Кекілбаевтың «Бәсеке» 
әңгімесі, М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы) қамти отырып, 
аталған сыныптардың оқу мақсатына сай талдау, салыстыру
аналогия, даралау әдістері қамтылған. Жоғары сыныптардағы 
мәтін талдау жұмысының көп қырлылығы, соның ішінде 
авторлық идеяны жеткізудің өнімді құралы ретінде мотив мен 
көркем детальдардың қызметін тани білу шығарманы жан
-
жақты 
түсінуге де көп мүмкіндік туғызатыны ашылған. Әсіресе жоғары 
сыныптардағы (қоғамдық
-
гуманитарлық және жаратылыстану 
бағытында) «әдеби шығармадағы оқиғалар мотивін анықтау 
арқылы оқиға желісін баяндау»,«әдеби шығарманы түсіну» 
сынды жекелеген оқу мақсаттарына жетудің жолдары мен 
тәсілдері ұсынылады. Прозалық шығармалардан үзінділер беру 
арқылы, олардағы көркем деталь мен мотивтің көріну тәсілдері 
мысалдармен дәйектеледі.
 
Нәтижелер мен талқылаулар

10-
сыныптардағы (қоғамдық
-
гуманитарлық және жаратылыстану бағытында) прозалық 
мәтіндерді баяндау көркем детальдар арқылы
нақтыланып 
отыруы маңызды. Себебі, 
көркем деталь
– 
кейіпкердің сыртқы 
және ішкі әлемінің, автордың идеялық
-
мазмұндық ой
-
түйіндерінің нысандық белгілері, заттық көрінісі. Яғни, бір 
қарағанда
маңызды емес, ұсақ
-
түйек көрінетін нысандардың 
образдың жай
-
күйін
беруде маңызды рөл атқаратын тұстары аз 
емес. Өйткені деталь 

көркем образ жасауға, шығармадағы іс
-
оқиға туралы егжей
-
тегжейлі сипаттамадан гөрі көбірек ақпарат 


40 
беру мүмкіндігі бар сөздік құралдар. Әдеби мәтіндегі деталь 
дасимвол сияқты автордың интенсиясын айқындауға
кейіпкердің шынайы болмысын танытуға қызмет жасайды. 
Деталь оқырманға көркем шығармадағы кейіпкер, уақыт, дәуір, 
оқиғалар, тарихи мәнмәтін туралы қосымша ақпарат береді. 
Детальдың символьдан ерекшелігі 

символға жасырын мән 
үстеліп
тұратын
болса, кейіпкердің бітім
-
болмысы жөнінен 
деталь анық, ашық ақпарат бере алады. Сыртқы детальға 
интерьер, пейзаж (оның ішінде сыртқы және қалалық пейзаж), 
кейіпкердің портреті 
– 
оның сыртқы келбетін бейнелеудегі 
кейбір маңызды, автордың мақсатты қолданыстары жатады. 
 
Көркем детальдардың қызметінде кейіпкердің эмоционалды 
күйін, психологиялық ахуалын білдіріп тұратын тұстары аз емес. 
Мәселен,
 
«Жаңа ғана шоқтай өртеп, лапылдап бара жатқан 
ыстық денесін мұз боп қармап жатқан қарсы желді де 
аңғармады. Ойы ойран, көкірегі бұлқан-талқан, бірақ не ойлап, 
не қойғаныңды біліп болмас соқыр ыза. Оттай ыстық маңдайын 
жүйрік аттың жалын құшып, кері ыршыған жалбыр жел 
жалап-жалап қалады. Бағана жұрт қоршап тұрғанда 
тамағына тас түйнек боп тығылған ащы жас көзінен енді 
ытқып шықты. Сол бойда бұның қарсы желге қасқая қарап келе 
жатқан шалқақ басы сылқ құлап, атының жалын құшып, 
солқылдап тұрып жыласын кеп. Кеудесіндегі бірін-бірі кимелеп 
жатқан ыза, намыс, ықылық атқан өксігімен араласып лық-лық 
ақтарылып сыртқа шыққандай көкірегі жеңілейіп, басын 
көтерді. Сосын біраз уақыт қарсы алдынан қарғын судай 
жапырыла қаптап келе жатқан қоңыр далаға состия қарап 
отырады. Сәлден кейін жылай-жылай күп боп ісіп кеткен 
басына манағы белдескені оралады да, ойына күні кеше ғана 
аспан тірегендей асқақтатып, алшаң бастырып жүрген 
жігіттік намысы кез келген бұтаның басында қап қоятын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет