Венн диаграммасы. Бір
-
бірімен айқасқан екі шеңбердің екі
жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары
жазылады. Ал айқасқан
жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.
Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып,
оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі
ойлау операциясын меңгереді.
Қорытынды . Оқытудың осындай жаңа педагогикалық
технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың
басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай
қалыптан
тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін,
белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік
мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың
жекелік қасиеттерін,
қабілеттерін
дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту
мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі
арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс
жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді
бақылап, оның
дамуын жан
-
жақты зерттей отырып, өз
сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.
Қазіргі
уақыт талабы мұғалімнің қайта жаңаруын, өзгеруін
талап етеді. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдістерді
меңгерген ұстаз ғана уақыт талаптарына жауап бере алатын
бәсекеге қабілетті, өзіндік тұлғалық ерекшеліктері қалыптасқан,
жоғары кәсіби білімді маман даярлау ісіне өз үлестерін қосады
деген сенімдемін.
ӘДЕБИЕТТЕР
:
1. Әлімов А. «Интербелсенді әдістемені ЖОО
-
да қолдану мәселелері»
Алматы, 2013
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектептері»
Педагогткалық
шеберлік орталығы, 2014 ж.
3. Бағдарлама. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 2015 ж.