177
Бұл үйрену сатысы
–
ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын
кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру
болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Негізгі бөлім.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес
жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”,
“Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр
сабақтың ерекшелігіне, ауыр
-
жеңілдігіне қарай лайықтала
қолданылады
.
Солардың кейбірімен таныстыра кетейік.
ДЖИКСО
–
ұжымдық оқыту әдісі.
Мақсаты
–
жалпы
мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда
әрбір
оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген
жауапкершілігі артады.
Әдісті
қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен
ұжым
4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар
деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4
-
ке санау арқылы 1
-
лер бөлек,
2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды.
Оқуға ұсынылатын
материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну
қажет
екендігі ескертіледі. 4 логикалық
бөлікке бөлінген мәтіннің
1-
бөлігін 1
-
лер, 2
-
бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға
оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға
“жұмыс тобында” мәтіннің тиісті
бөлігін жақсы меңгеру
қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына
түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының
ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта
табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды
ортаға салады. Осылайша ұжым
мүшелері бірін
-
бірі оқытуға,
сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО
стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру,
оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген
қызығушылығы
артады, ұжымда жақсы қарым
-
қатынас
қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Сондай
-
ақ, мұғалімді,
мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа
үйренеді
.
Достарыңызбен бөлісу: