176
“Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары
бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту
кезеңінің екінші мақсаты
–
үйренушінің белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену
–
енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс
-
әрекет
екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға
жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту,
бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады.
Осылайша шыңдалған ойлауға бірте
-
бірте қадам жасала
бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,
оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші
кезеңі
мағынаны тану
(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші
жаңа
ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,
тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап,
белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың
тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға
оқу, тақырыппен танысу барысында
Достарыңызбен бөлісу: