183
оқушылардың жүйенің негізгі компонентін бөлектеу қабілеті. Біз
four elements process chart әдісін қолдандық, оның мақсаты
–
төрт
элементтен тұратын ақыл
-
ой картасын құру және оларды әр
оқушы үшін маңыздылығына қарай саралау. Бақылаулар
көрсеткендей, оқушылардың пікірлері әр түрлі, сондықтан
мұғалім оқушыларды бағыттап, негізгі элементті таңдауға
көмектесуі керек.
Оқушылар арасында деректер жинау мақсатында
сауалнамалар, сұхбаттар, кері байланыс жүргізілді. Сіздердің
назарларыңызға сұхбат сұрақтарын және оларды талдауды
ұсынамыз
:
1) Mind map мазмұнын пайдалану проблемалық мәселені
шешуге көмектесті деп ойлайсыз ба? (иә: 100%).
2) Ақыл
-
ой картасын қолдану арқылы элементтер арасындағы
ұқсастықтар
мен айырмашылықтарды табу оңайырақ деп
ойлайсыз ба? (иә: 80%).
3) Mind map себеп
-
салдарлық байланыстарды табуға
көмектеседі ме? (иә: 100%).
4) Сіз сабақтың соңына дейін картаңызға қандай да бір
түзетулер немесе өзгертулер енгіздіңіз бе? (иә: 32%).
5) Сіздің ойыңызша, mind map құру және қолдану сіздің
тақырып туралы түсінігіңізді жақсартты ма? (иә: 100%).
6) сіз өзіңіздің ақыл
-
ой картаңызды ғана қолданғыңыз келеді
ме немесе жұпта немесе топта жұмыс істегіңіз келеді ме? (топта:
74%).
Сауалнама сұрақтарын талдау көрсеткендей, барлық
оқушылар
ақыл
-
ой
карталарын
қолдану
ақпаратты
құрылымдауға, визуализациялауға, жоғары тәртіп дағдыларын
дамытуға, себеп
-
салдарлық байланыстар орнатуға көмектеседі
деп келіседі. Балалардың көпшілігі ақыл
-
ой карталарын құру
дағдыларын өмірлік мәселелерді шешуде қолданатындығын атап
өтті
.
Достарыңызбен бөлісу: