17
болмысты рухқа байланысты анықтау тәсілі қолданды.
Мысалы, исламдық және христиандық
болмысты тану тәсілі
сол дәуірдің мәдениетінің мазмұнын анықтап берді. Жаңа
заман мәдениетінде әлемді адамнан тыс, сол күйінде
қабылдау қалыптасты ( сурет 4).
Сурет 4
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы ортағасырлық
кезеңде
политеизмге
монотеизмді,
натурализмге
руханилықты, гедонизмге (сүйсініп, рахаттану) кітаби
білімді (Библия) қарсы қойды
. Ортағасырлық адам өзінің
қайталанбас, даралығын түсінді. Адам өзін қоршаған ортадан
тыс ерекше әлем бар екендігін түсінді. Адам сол рухани
әлемді тану арқылы өзін жетілдіуге болатынына сенім артты.
Жаңа заман
мәдениеттанушылары Вольтер, Монтескье,
Лессинг, Шиллер және т.б. ағартушылар
табиғат, адам,
қоғам, таным, ақыл-ой категорияларына
сүйенді. Мәдениет –
адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептеді.
Мәдениет әлемді тану тәсілі ретінде
Мәдениет
Антикалық
дәуір космостағы
әлемдік хаосты
анықтау
Орта ғасырлар
болмысты
рухқа
байланысты
анықтау
Жаңа заман
адамнан тыс
сол күйінде
ұғыну
Мәдениеттің міндеттері
18
Табиғат пен мәдениеттің гармониялық бірлігіне күмән
келтірген Ж.Ж.Руссо ғылым мен өнер адам табиғатын өзгерте
алады дегенге қарсы болды.
Оның пікірінше ғылым мен
өнердің прогресі адам табиғатын бұзады, адамгершілік
тапталады.
Ж.Ж. Руссо өркениетті жоққа шығармайды, керісінше ол
мәдениет пен өркениет арасында туындайтын қайшылықтарға
мән береді. Ол буржуазиялық
мәдениетті сынай отырып, оған
патриархальдық «таза», «моральдық азғындалмаған»
мәдениетті қарсы қояды.
Д.Вико барлық ұлттар дамуындағы үш дәуірді атап
көрсетеді: «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры», «адамдар
ғасыры». И.Кант (1724-1804ж.) мәдениет – адамның ақыл-
ойы, моральдық әрекеті деп бағалаған.
«Адам мәдениетті
жасай отырып табиғаттан бостандық алады». Ол
мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастырды.
Мәдениет құбылысы барынша бай, әртүрлi. Мәдениетке
түсiнiктеменi алғаш рет ағылшын мәдениеттанушысы
Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917ж.) «Ежелгi дүние
мәдениетi» деген кiтабында (ХIХ ғ) берген.
Мәдениет
пен өркениет кең, этнографиялық мағынада –
білімнен,
наным-сенімнен,
өнерден,
адамгершіліктен,
заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғам мүшесі ретінде
адамның игерген дағдылары мен қабілеттерінен тұрады
.
Достарыңызбен бөлісу: