Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет110/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

құлаққа ұрған танадай
 есеңгіреп, сырт айналып, кілт тоқтап 
қалды
.
Біздіңше, құлаққа ұрған танадайдың ең негізгі мағынасы – есеңгіреу. 
Малды ұрғанда есеңгіретіп алып, есін жиғызу о баста ауырған малды 
емдеу үшін қолданылған, сондықтан бұл тіркестің жасалуына халық 
емінің бір түрі негіз болған. Алайда 
құлаққа ұрған танадай –
жым-
жырт, тыныштық дегені əу баста қате қолданыспен қалыптасқан сияқты. 
Негізінде фразеологиялық мағынасы есеңгіреу, есеңгірету екені ал-
дымен теңеу мəнде қалыптасқан. Ə.Қайдар да бұл тіркестің мəңгіру 
мағынасын беретінін айтады. Есеңгіреу мен мəңгіру өзара мəндес сөздер. 


169
Ал тыныштық, жым-жырт деген мағынасы полисемиялық құбылыстың 
нышаны ретінде 
жалғаса туған мағынасы
жиі қолданылады екен. Сон-
да бұл тіркестің екі мағынасы бар: бірі – есеңгіреу, екіншісі – жым жырт 
тыныштық.
Сонымен бірге, осы мал шаруашылығындағы емдеу ғұрпына бай-
ланысты 
«бастан құлақ садақа»
деген тұрақты тіркес те кеңінен 
қолданылады. 
Бұл тіркестің де қалыптасуы осы халық еміне байланысты туындаған. 
Ауруға шалдыққан малдың бір құлағын кесіп алып, оны басынан үш 
айналдыра «бастан құлақ садақа» деп лақтырып жіберетін болған. 
Мұның бəрінен байқайтынымыз, көшпелілердің малға қатысты таным 
түсініктері де тілде өзіндік көрініс тапқандығы.
«Делбе болған жылқыдай»
 
тіркесінің пайда болуына жылқының 
миына құрт түсіп ауырғандағы күйі тірек болған. Ауру жылқы екі көзі 
шарасынан шыға осқырынып, пысқырып, маңайына жан жуытпай, тар-
пынып, басын сілки беретін көрінеді. Қазақта сөз ұқпай, адамның ойына 
сыйғысыз əрекеттер жасап, онысына ұялып, есеп те бергісі келмейтін 
адамды жақтырмағанда 
«ой, делқұлы»
деп жатса, ерекше шабыттанып, 
арқасы қозып, шулы бір əрекетке ілесе кеткісі келіп тұрған адам жайлы 
«
делбесі қозып тұр» 
деп жатады. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет