89
Өзбек тіліне шет тілдерінен енген сөздер (терминдер), негізінен, аралық (делдал)
орыс тілі арқылы
алынып, өзбек тілінде айтылуына жақындатуға тырысу байқалады. Алайда өзбек тіліндегі банк-
қаржы саласы терминдерінің 30%-ы шеттілдік сөздер болғандықтан, бұл тіл кірме сөздерді мейлінше,
өздерінің әліпбилік жүйесіне сәйкес өзгертуге келетіндерін икемдеп алған. Мысалы,
akkreditiv
(аккредитив), aktiv (актив), aktsiya (акция), aliment (алимент), amortizatsiya (амортизация), arxiv
(архив), auditor (аудитор), budjet (бюджет), integratsiya (интеграция), fyuchers (фьючерс), resurs
(ресурс)
және т.б. Мысалы, ц таңбасының орнына ts дыбыс тіркесімдерін берген. Бұл терминдердің
көпшілігі «игерілген» (усвоенные) және «меңгерілген» (освоенные) терминдер саналады. Өйткені
олар қоғамдық өмірде кең қолданылатын сөздер болып табылады (www.gramota.net ›
materials,
21.02.2020).
Өзбек тілінде кей сөздер өзге тілде қалай жазылса, солай қабылданбай, орфоэпиялық
заңдылықтары да екеріліп, жазылатын сөздер де кездеседі. Мысалы, Артизан – артезиан (100 бет).
Ахметов мақаласында: «қазақ/латын әліпбиінің жобасына қатысты жеке пікірімізді білдіре
кетсек артық болмас»
дей келе, жеті (Ахметов,
2017) түрлі ұсынысын келтіреді:
«Біріншіден, қазақ тілі үшін латын әліпбиінің 25 таңбасы да жеткілікті деп, клавиатурада
тұрған Х таңбасын есептен шығарып тастағандарымен келісуге болмайды. Себебі Х таңбасы тек қана
әріп емес, ол – математика, физика және химия саласында өте жиі қолданылатын Y, Z секілді өте
маңызды халықаралық таңбалардың бірі. Сосын Х таңбасының арифметикадағы
көбейту немесе
белгісіздік белгісі екенін және латын санау жүйесіндегі ондықты білдіретін әрі күллі әлем
қолданатын таңба екенін қалайша назардан тыс қалдыруға болады? Олай бола қалса IX, X, XXI ғасыр
деген санау жүйелері қолданыстан қоса аластатыла ма? Сосын Хе таңбасының Менделеев
таблицасындағы 54-элемент – Ксенонды білдіретін символ екенін де ұмытпаған жөн» дейді (gisap.eu ›
ru › node, 22.02.2020).
Екіншіден, ақпарат құралдарында жарияланған қазақ/латын әліпбиінің жобасындағы [ә], [ө],
[ү], [ң], [ғ], [ч], [ш], [ж] дыбыстарын таңбалайтын ae, oe, ue, ng, gh, ch, sh, zh секілді (ішінде көзге
қораштау көрінетіні де бар) 8 диграфтан бөлек үш таңбадан құралып, бір ғана дыбыс беретін sch
сынды триграфты да назардан тыс қалдыруға болмайды. Өйткені бүгінгі тілімізде жүрген
ащы,
тұщы, кеще
деген сөздерде кездесетін [щ] дыбысын sh
диграфын екі қайтара қосақтап,
ashshy,
tushshy, keshshe
түрінде төрт әріппен таңбалаудан гөрі ағылшын/латын графикасының ресурсы болып
табылатын sch триграфын қолданып,
aschy, tuschy, kesche
түрінде, яғни үш әріппен таңбалау
әлдеқайда үнемді. Демек, бұл ресурстың да ресми жұмыс тобының назарында болғаны ләзім.
Үшіншіден, ағылшын графикасындағы Y таңбасының қазақ/латын нұсқасында Ыы әріпі мен
[ы] дыбысының баламасы ретінде ұсынылуын толық қолдай отырып, сол таңбаның, сонымен қатар
дауысты дыбыстардың алды-артында [й] болып оқылатынына назар аударсақ, бұл ресурсты да
пайдалануға болатынына көз жетеді. Мысалы, Ялта/Yalta; ядро/yadro; яғни/yaghnj; Ясауи/Yasawj,
япырмау/yapyrmaw немесе қой/qoy; той/toy; тай/tay; бой/boy; жой/zhoy секілді мысалдар пікіріміздің
дәлелді екенін байқатады.
Төртіншіден, ағылшын/латын графикасында [f] дыбысы Ff таңбасымен де, PH (ph)
диграфымен де таңбаланады. Алайда PH (ph) диграфы, негізінен, ағылшын тіліне грек тілінен енген
philosophy/философия, phenomen/феномен секілді сөздерді таңбалау үшін қолданылады. Бұл үрдісті
біздер сақтаймыз ба, жоқ па, бұл жағын ақылдаса отырып шешу керек.
Бесіншіден, өз тіліміздегі [у] деген дыбыс ағылшын графикасында OO (oo) диграфымен
таңбаланады. Мысалы, taboo (табу); tattoo (дене әшекейі) деген сөздер соның дәлелі. Осыны ескере
отырып, қазақтың [у] дыбысын Ww таңбасымен қатар, OO(oo) диграфымен де таңбалауға болатынын
назарда ұстаған артық болмас. Алтыншыдан, ағылшын/латын графикасының және бір ресурсын, атап
айтқанда, ew диграфының [ю] болып дыбысталатынын ескерсек, Нью Йорк қаласының ағылшынша
атауын қазақ/латын графикасында да ешбір өзгеріссіз New York күйінде қалдыра беруге де болатыны
көрініп тұр.
Жетіншіден, қазақ тіліне тән сингармонизм заңдылығын негізге ала отырып, бүгінгі таңда
қолданыста жүрген
əмеңгер, өлең, өткел, көркем, үлгі, шүйгін, тұғыр, ұлыс
т.с.с. көптеген сөздерді
латын әліпбиіне көшірер кезде сол күйінде дыбыстаймыз ба, жоқ
әлде тіліміздің орфоэпиялық
әуезділігі мен дауысты дыбыстар үндестігіне негіздей отырып,
əмəңгер, өлөң, өткөл, көркөм, үлгү,
шүйгүн, тұғұр, ұлұс
сипатында ұсынамыз ба? Бұл сауалдың жауабы да қазақ/латын әліпбиінің
стандарт нұсқасын бекітуден бұрын, алдын ала кеңесіп, түбегейлі түйіндеп алатын мәселе (gisap.eu ›
ru › node, 22.02.2020).