87
дербес түрде қолға алды. Әртүрлі ғылым мен өнер салаларында терминдер сөздігі жасалды. Әйтсе де
осы кезеңде түрікшілдік идеяның жеткіліксіздігі, терминдердің сауатсыз түзілуі, дұрыс баламаларға
қайшы ұғымдардың алынуы, ұғым мен термин арасында сәйкессіздіктің туындауы жаңадан түзілген
терминдердің мойындалмай, жарияланбауына себепкер болды. Түрік тілінің ережелеріне бағынбай
жасалған терминдердің де әсері болғандығын айта кету керек. Осындай өрескел әрекеттерге
қарамастан түрік тілі қоғамы термин мәселесіне қатысты жұмыстарын жалғастыра берді. Бұның
айғағы, алғаш рет түрік тіліндегі түсіндірме сөздік пен түрік тілінің емле сөздігі жарыққа шықты
(Бегимова, 2012: 69-73).
Қазіргі түрік әдебиетіндегі шеттілдік кірме терминдерді қолданыстан шығарып тастауға бола
ма? Егер болса, оларды қолданыстан шығару үшін не істеу керек? Термин орнын жұмсалатын сөздер
сол тілдің сөздік құрамынан табылады ма? Табылмаса не істеу керек деген
сұрақтарға жауап іздеу
керек. Мыңдаған шет тілінен енген әдебиет терминдерін қалайша қолданыстан шығарып тастаймыз?
Немесе түрік тілінің грамматикалық ережелеріне қайшы келетін жаңа сөздердің түзілуінің етек алуы
сияқты мәселелердің төңірегінде туындаған пікірталастар күні бүгінге дейін жалғасын табуда.
М. Каплан – терминдерді таза түрік тілінде түзуді жақтаушы ғалым. Оның «Күлтүр вэ Дил»
атты кітабында: «Жаңа ұғымдар үшін жаңа сөздердің жаңалығын, түрік тіліне еніп қалыптасып
кеткен шет ел сөздерінің жоққа шығарылуымен шатастырмау керек. Қазіргі кезеңде біз ғылым,
техника, әдебиет, өнер, философия салаларында мыңдаған сөзге мұқтажбыз. Бұлардың түбірі төл
тілімізде жасалса, әрине, орынды болар еді. Түрік тілінде болмаған бір ұғымға түрікше балама таба
алсақ, оны түрік мәдениетіне жаратсақ мақтанарға тұраралық үлкен іс болары хақ» (Ағакай, 1943). М.
Каплан осы пікірін «Хисар» атты журналда былайша толықтырады: «Қазіргі кезеңде көптеген түрік
ғалымдарының кітаптары мыңдаған батыс тілдерінен енген кірме сөздерге толы. Әрине, мен бұған
аса қарсымын дей алмаймын, әйтсе де қолымыздан келгенше жаңа терминдердің төл тілімізден
болғандығын қалар едім. Өйткені Түркия ғылым, техника салаларында күннен-күнге дамуда, ал
мұндай мәселе
дер кезінде қолға алынбаса, тура арабша, парсыша сөздер сияқты тілімізді
шұбарландырып жібереді. Ғылым, техника салаларынан мәдени тілімізге, одан ауызекі тілге
орныққын терминдер, түрік тілінің сапасын бұзады, оның кірленуіне жол ашады» (Ағакай, 1943: 8).
Жаңадан түзілген сөздерге зерттеулер жүргізген «Уйгун вея
уйгун олмаяан ени келимелер
сөзлүгү» атты кітаптың авторы Ф. Тимурташ та терминдер тақырыбында М. Капланның пікірімен
шамалас. Ғалым сөздігінің алғы сөзінде: «Түрікшеміз дамуда, терминдер тоқтаусыз жаңаруда және
өзгеру үстінде. Жаңа сөздердің төл тілімізде жасалуы – талай уақытты қажет етеді. Бірақ ең бастысы
жаңадан түзілген сөздердің тіліміздің құрылысы мен заңдарына сай дұрыс болуында. Сондықтан
тілшілер мен әріптестеріміз бұл мәселе аясында қолдау көрсетсе өте орынды болар еді…» (Башкан,
1973: 8).
Ф. Тимурташ, кітабының тағы бір жерінде «
Достарыңызбен бөлісу: