Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата15.12.2023
өлшемі1,48 Mb.
#138584
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз

ата-бабалық 
негізден
іздейтін. Этногенетикалық үрдістің басы - алғашқы қауым дәуірінен 
басталады. Орталық Азия көлемінде болған этникалық үрдіс түрлі саяси 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
қауымдастықтарды дамытты. Соның алғашқысы болған андронов мәдениеті 
номада
негізін қалады. Олардың мұрагерлері болып скиф-сақ мәдени ошағы 
орын басады. Үйсін, Қаңлы, Сармат, Кушан, Ғұн дәуірлері бір әулет 
қоластына біріктірген, 
Ел
жүйесіне сәйкес келетін 
ерте мемлекеттік 
бірлестіктер мен империялық басқару жүйесінің 
алғы шарттарын жаратты. 
Ұлы Даланың этникалық процестегі шешуші кезеңі бірінші мыңжылдықтың 
орта кезіне тура келеді. Жаңа саяси-әлеуметтік (
империялық
) қатынастың 
құрылуы - 
Түрік дәуірін
, яғни толыққанды түріктік сана-сезімнің 
қалыптасуымен аяқталады. Сапалық жағынан өзгеріс енгізген 
монғол дәуірі 
көшпелі өркениет тарихын қанат серпінінен
өткізеді, түрік елін соңғы рет 
біріктірген шыңғыздықтар әулеті аса маңызды факторларға жол ашады. 
Бірақ, сырттан келген саяси себеп пен іштегі тартыс түрік елінің 
бөлшектеніп, дараланған мемлекеттік құрылымдардың пайда болуына 
жағдай жасайды. Сөйтіп, осының салдарынан 
алаш арыстары
«қазақ», 
«өзбек», «қырғыз», «түрікмен», «татар», «қарақалпақ» және т.б. атауларды 
қабылдайды. 
Сөйтіп, халық болып қалыптасу үрдісін қорытып, айтылатын түйін мына 
мәндерге ие: 
1. Қазақстанның ежелгі тұрғындары Еуразиялық аймақта мекен құрды. 
Антропологиялық сипаты еуропа нәсілдік дала түрі болды. Тарихи 
көзқараста әзірше тұрақталған лингвистикалық сипаты үндіеуропалық 
үйелменің ежелгі иран тармағына кіреді. Бірақ кейінгі зерттеулер әуел бастан 
тіл тармағы түркілік болды деген дәйектер көрініс тапты. 
2. Ең көне өркениеттің тұрғындары кейініректегі антропологиялық 
жұрттың құрылуының басты өзегі болып қала берді. Жергілікті ұрпақтың 
антропологиялық негізі өткен кезеңмен генетикалық байланысы үзілмеді.
3. Тарихи даму мен жағрафиялық жағдайына байланысты біздің 
заманымыздың І мыңжылдығында Шығыс пен Батыс арасындағы көпірлік 
рөлі - қоныс аударулар орталығына айналдырады. Енді оның генофонына 
шығыстық сипат қосыла бастайды. 
4. Қазіргі қазақтарға тән кейіп ХІV-ХV ғасырларда екі нәсілдің – 
тұрақты еуропаоидтық және кейін қосылған монғолоидтық нәсілдердің 
далалық түрі қалыптасты.
Кез-келген этникалық үрдістегі жағдай ортақ территория мен ортақ 
тілден бастау алады. Ал оның ұйтқысы – шаруашылық тәсілі. Осылардың 
нәтижесі мәдениеттің негіздерін қалайды және интеграциялану (шоғырлану) 
себептері өзіндік мәдениет дәрежесіне дейін көтеріледі. Жалпы ортақ 
мәдениеттен өзіндік этникалық сана-сезім туындайды. Ал этникалық сана-
сезімнің нығаюы сол этностың әлеуметтік-территориялық ұйымын туғызады. 
Өз кезеңінде бұл ұйым этностың тұрақты тіршілігі мен біртұтастығын 
қамтамасыз етеді. Этникалық үрдіс желісінде этностың атауы қалыптасады. 
Этникалық атаулардың тікелей өз аты немесе әртүрлі себептерге байланысты 
жинақталған аты болады. Көшпелілердің этникалық тіршілігі мен билік 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
қатынастары – ру-тайпа төңірегінде өтеді. Оған қажетті алуан-типті күрделі 
құрылымдық қатынастар қызметін бір-бірімен тығыз байланысқан (мәселен, 
әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, аймақтық, идеалдық және т.б.) «жүйелер» 
(ру, арыс, ұлыс, жүз - оны шағындалған жүйелер деп те айтуға болады, ең 
ірісі - ел) атқарады. 
«Қазақ» атауының шығу тегі туралы мәселе ғылыми ортаны 
мазалағанына біраз уақыт болды. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселеге ғылымда 
дәл, тоқ етер жауап жоқ. Айтқандары талай пікір туғызды, айтыстар көтерді, 
әрқилы жарыққа шыққан жорамал-жорулар бірауызды шешімге келетін ой-
түйіні тумай отыр. Алайда, ұлттың арғы тегі мен мән-мағынасын анықтауда 
маңызды құралы ретінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет