Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
ниетімен бастаған Орыс ханның (1361-1380)
мақсатын Тоқтамыс іске
асырды, бірақ өзінің бұрын болған қолқанаты (протеже) Әмір Темірмен
абайсыздағы соғыс 1395 жылғы жеңіліспен аяқталады. ХV ғасырдың басында
Алтын Орданы біріктіруші ниеттегілер болса да, Тоқтамыс секілді осы
аймақта билігін мойындайтын билеуші әулет табылмады. ХV ғасырдың 20-30
жылдары Алтын Орда мемлекеті ыдырап, соның
негізінде бірнеше жаңа
түрік мемлекеттері құрыла бастады, олар: Қырым, Астрахан, Қазан, Сібір,
Қазақ және т.б. саяси бірлестіктер – Еділ мен Дон арасында құрылған Үлкен
Орда және орталығы Жайықтың төменгі ағысындағы Ноғай Ордасы.
Жоғарыда келтірілген саяси бірлестіктердің тарихи тағдыры кейін
Ресеймен тығыз байланысты болады. ХV ғасырдың екінші жартысында Ресей
- түрік-монғол әсерінен шығып, ХVІ ғасырда
орталығы Мәскеу болған
қуатты мемлекетке айналады. Алтынордалық саяси мұрагерлермен болған
Ресейдің өзара байланысы, ақыр аяғында олардың барлығы Ресей
мемлекетінің құрамына ілігеді. 1552 жылы Мәскеуге Қазан хандығы, 1556
жылы
Астрахан хандығы, 1598 жылы Сібір хандығы енеді. ХVІІ ғасырдың
басында Ноғай Ордасы күйрейді. Қырым хандығы 1783 жылы Ресейге
қосылса да, Қазақ хандығына байланысты кіріптарлық ХVІІІ ғасырдың 30
жылдарынан басталып - ХІХ ғасырдың 60 жылдары аяқталады. Сөйтіп, ХVІ
ғасырдың екінші жартысынан көрініс тапқан көпұлтты ресейлік дәуір
басталады, Еуразиялық кеңістік интеграциясында болған түрік-монғол (VI-
XV ғғ.) орнына орыс-түрік (XVI-XX ғғ.) кезеңі келеді.
3.
Кейбір араб және парсы тілдес жылнамаларында «Ақ Орда» сөзі ХІІІ
ғасырдың орта кезінде кездеседі. Ақ Орда – монғол шапқыншылығынан
кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы алғашқы мемлекет. Билеуші әулет Жошы
ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды. Олар
мынадай тәртіппен билік
жүргізген: Орда Ежен, Сартақтай, Қойыншы, Баян, Саты Бұқа, Ерзен,
Мүбәрәк, Сымтай, Орыс хан, Құйрышық және Барақ. Мүбәрәк ханнан (1320-
1344) бастап Ақ Орда Алтын Ордадан толықтай тәуелсіздігін алып,
Шығыс
Дешті Қыпшақтағы қуатты саяси күшке айналады. Оның территориясы
әуелгі кезде Ертіс өңірі мен солтүстік Жетісудан Ұлытау мен Кентауға дейін
созылып жатқан болатын. ХІV ғасырда Шағатай мен Моғолстан құрамында
болған Жетісудан басқа Қазақстанның күллі жері, яғни Сырдарияның төменгі
ағысы мен Арал өңірі бойында орналасқан Жошы ұлы Шайбанның ұлысы да
Ақ Орданың Орда Ежен әулеттерінің билігінде болды. Астанасы Алакөлден
Сығнақ қаласына көшірілді. Барақ хан (1423-1428) өлген соң Ақ Ордадағы
билік Жошы ұлы Шайбан ұрпақтарына көшеді. Шайбандықтар әулетінің
бірінші ханы Әбілхайыр (1428-1468) мемлекетіне қазіргі Қазақстанның
Сырдарияның төменгі және ортанғы
ағысының оң жағалауын қоса
есептегенде Ертістен Еділге дейінгі аймақ енді. Мемлекетін кеңейту
мақсатымен жасаған жорықтардың нәтижесінде Түмен қаласын, Хорезмді,
Астраханды, Қаратау алабы мен Сырдария бойындағы Созақ, Сығнақ,
Аққорған, Үзкент қалаларын қосып алады. Араб және парсы деректерінде
Қазақстан тарихы (он бес дәріс)
Әбілхайыр хандығының тұрғындарын «өзбектер» деп, ал
мемлекетін
«Көшпелі өзбектер мемлекеті» деп атады. Іштен туған саяси ыдырау - Барақ
ханның кіші ұлы Жәнібек пен Орыс ханның шөбересі Керей сұлтандардың
басшылығымен тайпалардың бір бөлігі Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу
өзенінің төменгі ағысы мен Қозыбасы маңына көшіп кетеді. Осы кезден
бастап Қазақстанның кейінгі тарихында маңызды рөл атқарған осы оқиғаны
мамандар, көшпелі өзбектер мемлекетіндегі билікке қол жеткізу жолындағы
«өзінше стратегиялық шегініс» деп санайды. Қазақ хандығы құрылғаннан
кейін Әбілхайырдан тараған Шайбан әулетінің қазіргі Қазақстан
аумағындағы билігі күйреп, Мәуреннахрдағы
әлсіреген Темір мемлекетін
жаулап алады. Ақыр аяғында, Шайбандар сол жерде өз билігін орнатады.
Сөйтіп, Қазақстан үрдісіндегі бұдан кейінгі және күні бүгінге дейінгі
оқиғалар әлемдік өркениеті тарихында
Достарыңызбен бөлісу: