Сүт қышқылды бактерия- лар. Сүт
қышқылды
бактреиялар
микрококкалар
сияқты табиғатта кең таралған.
Мор фоло гиясына байланысты
оларды стрептококкаларға жəне
таяқшаларға бөледі. Екі атал ған
топты да гомо- жəне гетерофер-
ментативті бактериялар бар.
Барлығы да Грам оңға боялады,
жəне қозғалмайды, қышқылға
жəне спиртке төзімді, қоректік
ортаның құрамына өте сезімтал
болып келеді. Сүт қышқылды
стрептококкалар шірітуші, май
қышқылды бактериялардың ан-
та гонистері болып табылады, көп түрлері антибиотикалық заттарды
продуцирлейді.
Сүт қышқылды стрептококкалар туысына кіреді. Оларға
мезофильді, аромат түзуші, термофильді стрептококкалар жəне эн-
терококкалар жатады. Энтерококкалар клеткасының пішіні домалақ
немесе жұмыртқа сияқты сопақ, жұпталып немесе тізбектеле
орналасқан таяқшалар. Олар 10-нан 45°С-қа дейінгі кең диапазонды
температурада 6,5% мөлшеріндегі ас тұзына, рН-тың 9,5 сілтілік ор-
тасына көрсететін тұрақтылығымен ерекшеленеді.
36-сурет.Micrococcus туысының
бактериялары