100-бап.
Ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
1.
Ата-анасының
қайтыс
болуы,
олардың
ата-ана
құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының
шектелуі, ата-анасының əрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-
анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы,
ата-аналардың балаларын тəрбиелеуден немесе олардың
құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде
ата-аналардың тəрбиелеу, емдеу жəне басқа да осыған ұқсас
мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-
аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда,
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы жəне
қамқоршы органдарға жүктеледі.
2. Қорғаншы жəне қамқоршы органдар ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай
балалардың есебін алуды жүргізеді жəне ата-анасының
қамқорлығынсыз қалудың нақты мəн-жайларын негізге ала
отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды (осы
Заңның 102-бабы), сондай-ақ оларды асырау тəрбиелеу жəне
білім беру жағдайларына одан əрі бақылау жасауды жүзеге
асырады.
Қорғаншы жəне қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды
жəне жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: