жері бойынша қорғаншы жəне қамқоршы органға хабарлауға
міндетті.
3. Қорғаншы жəне қамқоршы орган осы баптың 1 жəне 2-
тармақтарында аталған мəліметтер түскен күннен бастап бір ай
ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (осы Заңның
102-бабы) жəне баланы отбасына тəрбиелеуге беру мүмкіндігі
болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшін жəне
кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын
Қазақстан
Республикасы
азаматының
отбасына
тəрбиелеуге орналастыруға жəрдем көрсету үшін осындай бала
туралы мəліметті тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру
басқармасының органына жібереді.
Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру
тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көзделген міндеттерді
орындамағаны үшін, сондай-ақ бала туралы көпе-көрнеу жалған
мəліметтер бергені үшін лауазымды адамдар заңда белгіленген
тəртіппен жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: