110-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тəрбие жəне емдеу мекемелеріндегі балалардың құқықтары 1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тəрбие, емдеу
жəне басқа да мекемелеріндегі балалардың:
1) асырап-бағылуға, тəрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты
дамуға, өздерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне,
өз мүдделе-рінің қамтамасыз етілуіне;
2)
өздеріне
тиесілі
алименттерді,
зейнетақыларды,
жəрдемақы-ларды жəне басқа да əлеуметтік төлемдерді алуға;
3) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған
жағдайда тұрғын үй-заңдарына сəйкес тұрғын үй-жай алу
құқығына ие болуға;
4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң еңбек туралы
заңдарда көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие
болуға құқығы бар.
2. Қорғаншы жəне қамқоршы органдар осы баптың 1-
тармағында аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды
асырау, тəрбиелеу, оларға білім беру жағдайларын бақылауды
жүзеге асырады.
3. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы
жəне қамқоршы органдарға жүктеледі.
4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жəне осы баптың
1-тармағында аталған мекемелерде тұратын балалар осы
Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие
болады.