Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар



Pdf көрінісі
бет112/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   187
Байланысты:
отбасы кукыгы китап

108-бап. Қорғаншылар мен қамқоршылар 
1. Мыналарды: 
1) сот əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеттілігі шектеулі 
деп таныған адамдарды; 
2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-
ана құқықтарын сот шектеген адамдарды; 
3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны 
үшін  қорғаншылық  (қамқоршылық)  міндеттерден  шеттетілген 
адамдарды; 
4)  егер  сот  олардың  кінəсінен  бала  асырап  алудың  күшін 
жойған болса, бұрын бала асырап алушыларды; 
5)  денсаулығының  жай-күйіне  байланысты  (осы  Заңның 80-
бабы 2-тармағының 6) тармақшасы) баланы тəрбиелеу жөніндегі 
міндеттерін  жүзеге  асыра  алмайтын  адамдарды  қоспағанда,  екі 
жыныстың  да  кəмелетке  толған  адамдары  қорғаншылар 
(қамқоршылар) бола алады.  
2.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  тек  оның  келісімімен  ғана 
тағайындалуы мүмкін. 


Егер  бұл  қорғаншылыққа  алынушының  мүдделеріне  қайшы 
келмесе,  қорғаншыны  немесе  қамқоршыны  тағайындауда 
жұбайының, ата-анасының, туыстарының немесе қорғаншылыққа 
алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады. 
Егер  қамқорлыққа  алынушылардың  мүдделерінің  арасында 
қайшылық  болмаса,  бір  қорғаншыны  немесе  қамқоршыны 
бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі. 
3. 
Əрекетке 
қабілетті 
жəне 
ата-ана 
құқықтарынан 
айырылмаған,  бірақ  балаларының  тəрбиесін  жүзеге  асыра 
алмайтын  ата-аналардың  кəмелетке  толмаған  балаларына 
қорғаншы  жəне  қамқоршы  тағайындалатын  кезде,  қорғаншылар 
жəне  қамқоршылар  ата-аналардың  тілегі  ескеріле  отырып 
тағайындалады. 
Балаға 
қорғаншы 
(қамқоршы) 
тағайындау 
кезінде 
қорғаншының  (қамқоршының)  адамгершілік  жəне  өзге  де  жеке 
қасиеттері,  оның  қорғаншылық  (қамқоршылық)  міндеттерді 
орындау 
қабілеті, 
қорғаншы 
(қамқоршы) 
мен 
баланың 
арасындағы 
қатынастар, 
қорғаншы 
(қамқоршы) 
отбасы 
мүшелерінің  балаға  деген көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкін 
болса,  баланың  өз  тілегі  ескеріледі.  Егер  кəмелетке  толмаған 
балаға  қорғаншы  немесе  қамқоршы  етіп  тағайындалатын  адам 
некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі. 
4. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін жəне 
тиісті  тəрбие,  емдеу  мекемелерінде,  халықты  əлеуметтік  қорғау 
мекемелерінде  тұрып  жатқан  адамдардың  қорғаншылары  мен 
қамқоршылары осы мекемелердің əкімшілігі болып табылады. 
Қорғаншының  (қамқоршының)  осындай  мекемелерге  баланы 
уақытша орналастыруы қорғаншының (қамқоршының) осы балаға 
қатысты қорғаншылық (қамқоршылық) құқықтары мен міндеттерін 
тоқтатпайды. 
5.  Қорғаншылар  мен  қамқоршылар  өз  қамқорындағылардың 
құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауды  кез  келген  адамдарға 
қатысты, соның ішінде сотта арнайы өкілеттіксіз қорғай алады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет