107-бап. Қорғаншылықты жəне қамқоршылықты белгілеу 1. Қорғаншы жəне қамқоршы органдар қорғаншылық пен
қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша
қорғаншылық
пен
қамқоршылық
белгілейді.
Жекелеген
жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының
(қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін.
2. Адамды əрекетке қабілетсіз немесе оның əрекет
қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген
кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық
жəне қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері
бойынша қорғаншы жəне қамқоршы органға хабарлауға міндетті.
3. Адамға қорғаншылықты жəне қамқоршылықты белгілеу
қажеттігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап
бір ай ішінде қорғаншылық жəне қамқоршылық белгіленеді.
4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар
сот тəртібімен шағымдануы мүмкін.