111-бап. Қорғаншылардың (қамқоршылардың) өз міндеттерін атқаруы 1. Қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың
өкілдері болып табылады жəне барлық қажетті мəмілелерді
олардың атынан жəне олардың мүдделерін көздеп жасайды.
2. Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың
өз бетінше жасауға құқығы жоқ мəмілелерді жасауға келісім
береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге
асыруына жəне міндеттерін атқаруына жəрдем көрсетеді, сондай-
ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал
қиянаттардан қорғайды.
3. Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, қорғаншылық
жəне қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз
есебінен асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа
алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын
жалақысы, алименті, зейнетақысы жəне басқа да əлеуметтік
төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен
жүзеге асырылады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат
болмаған кезде, қорғаншы жəне қамқоршы органдар оны асырап-
бағуға жəрдемақы тағайындайды.
4. Қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына
алынғандарды асырап-бағуға, оларды бағып-күту мен емдеуді
қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға
қамқорлық жасауға міндетті. Аталған міндеттер сот əрекет
қабілеттілігі шектеулі деп таныған кəмелетке толған адамдардың
қамқоршылығына жүктелмейді.
5. Спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы
салдарынан əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі
деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе
қамқоршы қамқорлыққа алынушыны əрекетке қабілетті деп тану
туралы жəне одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау
туралы сотқа өтініш беруге міндетті.