Қамқоршылыққа
алынушының
мүлкін
басқару
тəртібі
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
3. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін
түрде
пайдалануға
беруді
қоспағанда,
қорғаншының
(қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының
қамқоршылыққа алынушымен мəмілелер жасауға, сондай-ақ
мəмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен
қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы жəне олардың жақын
туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа
алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.
Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын
туындаған
қамқоршылыққа
алынушының
қорғаншысына
(қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары
қорғаншы жəне қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.
Достарыңызбен бөлісу: