1. Тууды тіркеу, əке болуды анықтау, бала асырап алу, неке
қию, некені бұзу, тегін, атын жəне əкесінің атын, ұлтын жəне
жынысын өзгерту үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс
болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға,
түзету мен қалпына келтіруге байланысты куəліктер жəне
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталап куəліктер беру
үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленген
мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
2. Қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін
тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты куəліктер беру
Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сəйкес мемлекеттік
баж алынбай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: