173-бап. Əкесі қайтыс болғаннан кейін немесе некебұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған балалардың тууын тіркеу Некеде тұрған кезде бойға біткен жəне əкесі қайтыс болғаннан
кейін немесе неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп
танылғаннан кейін туған баланың тууын тіркеу, егер əкесі қайтыс
болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен
екі жүз жетпіс күннен аспаған болса, жалпы негізде жүргізіледі.
174-бап. Туу туралы арыз беру мерзімдері Туу туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу органдарына
бала туған күннен бастап екі айдан, ал бала өлі туған жағдайда
босанған кезден бастап бес тəуліктен кешіктірмей жасалуға тиіс.