179-бап. Əке болуды анықтау туралы куəлік жəне баланың тууы туралы жаңа куəлік беру Əке болуды анықтауды тіркеген кезде азаматтық хал актілерін
жазу органдары əке болуды анықтау туралы актілерді тіркеу
кітабына бала, оның анасы мен əкесі туралы мəліметтерді
жазады, əке болуды анықтау туралы куəлік жəне баланың тууы
туралы жаңа куəлік береді.
25-тарау. НЕКЕНІ ТІРКЕУ
180-бап. Некені тіркеу туралы арыз Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі
тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі
азаматтық хал актілерін жазу органына арыз береді.
181-бап. Некеге тұратын адамдардың арыздарын қабылдау 1. Некеге тұратын адамдар:
1) жеке басын куəландыратын құжаттарды;
2) белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын, осы
Заңның 10-бабында аталған құжаттарды;
3) бұрынғы некелері туралы мəліметтерді;
4) балалары туралы мəліметтерді көрсетуге міндетті.
2. Некеге тұратын адамдармен келісе отырып, некені тіркеу
мерзімі белгіленеді (осы Заңның 13-бабы).